Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Май ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 140/5 «Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 311/12 "Май ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 225829 болып тіркелген) сәйкес, Май ауданының Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған сайлауын өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегі орындар белгіленді:
Көктөбе ауылы |
Сәкен Сейфулин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Сәкен Сейфулин мен Байгурманов көшелерінің қиылысындағы балалардың ойын алаңының жанында; Қазыбек би көшесіндегі № 3 үйде орналасқан «Санжар» дүкенінің жанында; Бәкі басар көшесіндегі № 27/1 үйде орналасқан «Жемчужина» дүкенінің жанында; Букетов көшесіндегі № 2 үйде орналасқан «Алихан» дүкенінің жанында; Айтек би № 47 көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында |
9 стенд |
Белогорский ХПП ауылы |
Элеваторная көшесіндегі № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы |
1 стенд |