Қаратерек ауылдық округі бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

    pavlodar-maysk

    pavlodar-maysk·

    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Май ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 140/5 «Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 311/12 "Май ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 225829 болып тіркелген) сәйкес, Май ауданының Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған сайлауын өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегі орындар белгіленді:

    Қаратерек ауылы

    Жамбыл Жабаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Қаратерек ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    Жамбыл Жабаев және Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысы;

    Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

    3 стенд

    Хасен Сейтказин ауылы

    Орджоникидзе көшесіндегі № 9/2 тұрғын үйге қарама-қарсы

    1 стенд

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Көктүбек ауылдық округі бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Май ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 140/5 «Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 311/12 "Май ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 225829 болып тіркелген) сәйкес, Май ауданының Көктүбек ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған сайлауын өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегі орындар белгіленді: Көктөбе ауылы Сәкен Сейфулин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Қазбек би көшесіндегі Қ.Сатпаев атындағы саябағына қарама-қарсы; Олжас Сүлейменов көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Әйтеке би көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Май ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Сәкен Сейфулин мен Байгурманов көшелерінің қиылысындағы балалардың ойын алаңының жанында; Қазыбек би көшесіндегі № 3 үйде орналасқан «Санжар» дүкенінің жанында; Бәкі басар көшесіндегі № 27/1 үйде орналасқан «Жемчужина» дүкенінің жанында; Букетов көшесіндегі № 2 үйде орналасқан «Алихан» дүкенінің жанында; Айтек би № 47 көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында 9 стенд Белогорский ХПП ауылы Элеваторная көшесіндегі № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы 1 стенд

    pavlodar-mayskЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.