2026 жылдың үшінші тоқсанына арналған қоғамдық тыңдаулар кестесі
abay-boroduliha
Ұқсас материалдар
Бородулиха ауданында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл!
Бородулиха ауданында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл! Бородулиха ауданы аумағында «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылық» КМК және «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2 комплаенс қызметі жұмыс істейді. Бұл комплаенс қызметтерінің қызметі квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған және комплаенс қызметтері туралы бекітілген үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі жоспарына сәйкес: - «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында -10 адам жұмысқа қабылданды, 10 адам жұмыстан шығарылды. Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасымен, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығу фактілері жоқ. Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың соттылығын міндетті түрде тексереді. Есепті кезеңде мүдделер қақтығысына байланысты лауазымдық міндеттерді орындаудан адамдарды шеттету фактілері анықталған жоқ. Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады. 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 21 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді. Оның ішінде: 7 – бір көзден, 2 – электрондық дүкен, 12 – баға ұсыныстарын сұрау; - Абай облысы, Бородулиха ауданының «Коммуналдық шаруашылық» КМК-да 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында – 9 адам жұмысқа қабылданды, 24 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде 16 қазандық оператор (маусымдық). Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасы бойынша, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығу фактілері жоқ -Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады. -2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 28 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді: -Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – 12; -Баға ұсыныстарын сұрау – 6; -Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден – 8; -Ашық конкурс – 2. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен семинарлар өткізілді және мінез-құлықтың нақты стандарттарын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарымен таныстырылды. Ұсынылатын шоттарда және түбіртектерде сыбайлас жемқорлық, парақорлық фактілеріне жол бермеу туралы ақпарат орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. Шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, кәсіпорынның жеке және заңды тұлғалардан көрсеткен қызметтері үшін ақшалай немесе басқа да қандай да бір қаражатты заңсыз алу практикасына жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ұжымдарда ішкі саясатты жүргізу қызметкерлердің жеке мүдделері олардың кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін жағдайларды болдырмау мақсатында ықтимал мүдделер қақтығыстарын анықтауға және реттеуге бағытталған. Бұл саясат әріптестермен, жеткізушілермен, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын қоса алғанда, қызметкерлердің корпоративтік этикасын және мінез-құлық стандарттарын регламенттейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
Қ азақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады. «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания. Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.
Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды
Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Өтініштерді талдау нәтижесінде өңір тұрғындарының көбіне құжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу қызметтеріне жүгінетіні белгілі болды. Өтініштер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен паспорттарын беру қызметі иеленді. Абай облысының ХҚКО-ларында белгіленген жасқа толуына, дербес деректерінің өзгеруіне, құжаттарының жоғалуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарды рәсімдеу және ауыстыру бойынша шамамен 29 мың қызмет көрсетілді. Екінші орында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қызметі тұр. Бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге қатысты 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Үшінші орынды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі иеленді. Бұл бағыт бойынша 16 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтар сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік және жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де мәмілелер кезінде меншік құқығын тіркеу үшін жүгінеді. «Бұл қызметтерге деген жоғары сұраныс өңір тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу үшін мемлекеттік сервистерді белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – өңірдің әрбір тұрғынына сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Үмірзахов. Өткен жылмен салыстырғанда ең сұранысқа ие қызметтердің құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Облыс тұрғындары бұрынғыдай құжат рәсімдеу, көлік құралдарын және жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтеріне жиі жүгінеді. Бұл аталған мемлекеттік қызметтерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді болғанымен, ХҚКО-лар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің маңызды буыны болып қала береді. Олар азаматтарға қажетті қызметтерді, кеңес беруді және қолайлы форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.