Бородулиха ауданында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл!
Бородулиха ауданы аумағында «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылық» КМК және «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2 комплаенс қызметі жұмыс істейді.
Бұл комплаенс қызметтерінің қызметі квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған және комплаенс қызметтері туралы бекітілген үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі жоспарына сәйкес:
- «Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш топтық су құбыры» КМК 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында -10 адам жұмысқа қабылданды, 10 адам жұмыстан шығарылды. Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасымен, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығу фактілері жоқ. Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың соттылығын міндетті түрде тексереді.
Есепті кезеңде мүдделер қақтығысына байланысты лауазымдық міндеттерді орындаудан адамдарды шеттету фактілері анықталған жоқ.
Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады.
2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 21 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді. Оның ішінде: 7 – бір көзден, 2 – электрондық дүкен, 12 – баға ұсыныстарын сұрау;
- Абай облысы, Бородулиха ауданының «Коммуналдық шаруашылық» КМК-да 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында – 9 адам жұмысқа қабылданды, 24 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде 16 қазандық оператор (маусымдық). Жұмыстан шығу себебі – қызметкердің бастамасы бойынша, теріс себептермен және жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығу фактілері жоқ
-Кәсіпорынның интернет-ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» арнайы бөлімінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, онда тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады.
-2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 28 мемлекеттік сатып алу шарты тіркелді:
-Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – 12;
-Баға ұсыныстарын сұрау – 6;
-Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден – 8;
-Ашық конкурс – 2.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен семинарлар өткізілді және мінез-құлықтың нақты стандарттарын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарымен таныстырылды.
Ұсынылатын шоттарда және түбіртектерде сыбайлас жемқорлық, парақорлық фактілеріне жол бермеу туралы ақпарат орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. Шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, кәсіпорынның жеке және заңды тұлғалардан көрсеткен қызметтері үшін ақшалай немесе басқа да қандай да бір қаражатты заңсыз алу практикасына жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Ұжымдарда ішкі саясатты жүргізу қызметкерлердің жеке мүдделері олардың кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін жағдайларды болдырмау мақсатында ықтимал мүдделер қақтығыстарын анықтауға және реттеуге бағытталған. Бұл саясат әріптестермен, жеткізушілермен, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын қоса алғанда, қызметкерлердің корпоративтік этикасын және мінез-құлық стандарттарын регламенттейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.