2026 жылғы 30 сәуірден бастап Жетісу облысында білім алушылардың білім деңгейін мониторингілеу жүргізіліп жатыр.
Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып оқушылары қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта өткізіледі және келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған:
оқу сауаттылығы
математикалық сауаттылық
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық