Қызметкерлердің байланыстары

    Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жетісу облысында білім деңгейін мониторингілеу жүргізілуде

    2026 жылғы 30 сәуірден бастап Жетісу облысында білім алушылардың білім деңгейін мониторингілеу жүргізіліп жатыр. Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Зерттеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып оқушылары қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта өткізіледі және келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған: оқу сауаттылығы математикалық сауаттылық жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

    Ақпарат

    Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы облыстық кеңеске қатысты.

    Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы облыстық кеңеске қатысты. 2026 жылғы 13 мамырда өткен жиында білім басқармасының орынбасары, төтенше жағдайлар, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, денсаулық сақтау басқармасы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жазғы сауықтыру орталықтарының директорлары қатысты. Кездесу барысында жазғы маусымға дайындық мәселелері, соның ішінде балаларға арналған маусымдық лагерьлерді лицензиялау, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтуды кеңейту және жазғы кезеңде мазмұнды демалысты ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.