«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және [email protected] электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. маусымының 15-нен 18-не дейін