Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Көксу ауданының әкімдігі

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 275-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау, аудан әкімінің орынбасары Е.Шалкибековке жүктелсін.
    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.