Көксу ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    Құрметті Көксу ауданының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 19 маусымда сағат 10.30-да аудандық әкімдіктің ғимаратында (Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады. Сондай-ақ сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 14) облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Мұқаншы ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11.00-де Жетіжал ауылы, Тоқсанбаев көшесі, №27 мекен-жайында орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Мұқаншы ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді. Жеке қабылдау – сағ. 12.30

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Қабылиса ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 16.45-те Ақтекше ауылы, Егінбаев көшесі, №31 мекен-жайында орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Қабылиса ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді. Жеке қабылдау – сағ. 17.30

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Еңбекші ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 09.30-да Зылиха Тамшыбай ауылы, Нұртай Аманбайұлы көшесі, №53 мекен-жайында орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Еңбекші ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді. Жеке қабылдау – сағ. 10.30

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Лабасы ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 15.00-де Мәмбет ауылы, Мамбет көшесі, №7 мекен-жайында орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Лабасы ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді. Жеке қабылдау – сағ. 16.20

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Балпық ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 13 мамыр күні сағат 16.30-да Ақшатоған ауылы, Калинина көшесі №19 мекен - жайында орналасқан №5 орта мектеп ғимаратында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының Балпық ауылдық округінің халқымен кездесуі өтеді. Жеке қабылдау – сағ. 17.30

    13 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысына жер қалай бөлінеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1–бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының» 28-тармағына сәйкес, комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтылған арнайы дайындалған алаңдардан беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді.

    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

    Постановление

    Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 275-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау, аудан әкімінің орынбасары Е.Шалкибековке жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.