БҰЙЫРАМЫН:
- «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аукцион – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын (бұдан әрі – тізілім) пайдалана отырып, цифрлық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;»;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы орган;
22) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, тізілімінің мүлікті есепке алу және сату жөніндегі цифрлық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
31) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – цифрлық қолтаңба құралдарымен электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын және жабық электрондық цифрлық қолтаңба қолданумен жасалған цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
4-тармақта:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есеп немесе қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған мүліктің құнын құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есепке сілтеме;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімнің веб-порталында енгізеді.»;
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемелекеттік орган мен оның астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы оның аумақтық бөлімшелеріне қолданылмайды.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.»;
мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тізілім веб-порталының қаржылық есептілік депозитарийімен цифрлық өзара әрекеттесу арқылы қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есепке сілтеме сатушымен орналастырылады.»;
7-тармақтың 8) тармақшасында:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдауды астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қойған өтінішхаттың негізінде жүзеге асырады.»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның мекенжайына астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.»;
18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1. Алкоголь өнімін өткізу ол Қазақстан Республикасы Салық кодексі нің, « Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы » және « Техникалық реттеу туралы » Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес алкоголь өнімінің сәйкестігі туралы декларация болған кезде жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдерін өткізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру мен бекіту олар Қазақстан Республикасы Салық кодексі нің, « Техникалық реттеу туралы » және « Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы » Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
Аталған мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы сатысында жүргізілмеген, сондай-ақ егер оны жүргізу бойынша шығындар бағалау құнынан аспайтын кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны жүргізуді қамтамасыз етеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжатты:
1) мүліктің құнын құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есеп немесе қаржылық есептілік депозитарийінде бағалаушы қалыптастырған мүліктің құнын құнын бағалау туралы электрондық түрдегі есепке сілтеме;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің;
3) Есепке алу қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген электрондық түрдегі құжаттарды тізілімнің веб-порталында орналастырады.»;
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде астанада, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Сатушыға және бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасы туралы және қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінен алынған мәліметтерді сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.»;
70-тармақтың сегізінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.;
көрсетілген Қағидаларға 2-1, 3, 4-қосымшаларға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.;
- «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
12 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:
2-тармақта:
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жергілікті атқарушы органдар – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»;
«24) тас секілді заттар – табиғи және синтетикалық тастардан қолдан жасалған тастар, сондай-ақ жартылай немесе толықтай әр адам жасаған өнімдер. Бұл тастар табиғи зергерлік және синтетикалық тастардың түсін және сыртқы түрін бере алады да олардың химиялық және (немесе) физикалық қасиеттерін және (немесе) олардың кристаллдық құрылымын бере алмайды;»;
35-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген Қағидаларға 14-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
- «Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Түгендеу карточкасының нысанына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі