Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

    Комитет туралы

    орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру;

    "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу анонсы

    «ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комиетінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 29 маусымнан бастап 03 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

    ОтырысЖақында

    Жария талқылауды өткізу туралы Анонс – ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті

    Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № Л-69 бұйрығына сәйкес Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35 мекенжайы бойынша (4 қабат, 409 кабинет) және инстаграм желісі арқылы 2026 жылдың 26 маусымында сағат 11.00-де Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда.

    ОтырысЭфирде

    ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анонсы

    2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2026 жылғы 15 маусымнан бастап 2026 жылғы 26 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

    ОтырысЭфирде

    ҚР ҚМ ММЖК Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонсы

    2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 13 наурыздағы №КГИП-02-КГ/296-И хатына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2026 жылғы 05 маусымнан бастап 2026 жылғы 25 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

    ОтырысЭфирде

    ҚР ҚМ ММЖК Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонсы

    2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2026 жылғы 8 маусымнан бастап 2026 жылғы 22 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

    ОтырысАяқталды

    ҚР ҚМ ММЖК Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау жүргізу туралы Пресс - анонсы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасыының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 8 маусымынан бастап 19 маусымы аралығында Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлауда. Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7112) 51-21-79 телефон нөміріне хабарласу қажет.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында белгіленген рәсімнен тыс АҚ (акциялар пакетінің жалғыз акционері Қазақстан Республикасы немесе жергілікті атқарушы органдар болып табылатын) мүлкін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді өткізу заңды ма?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 3 – бабына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 – бабының 1-тармағына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Осылайша, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес АҚ тиісті органдарының құзыреті шегінде өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке дербес билік ете алады. Басқаша айтқанда, АҚ мүлкі мемлекеттік емес. Республикалық (коммуналдық) мемлекеттік меншікте осы АҚ мүлкі емес, АҚ акцияларының пакеті ғана болады. Бұл ретте, мемлекеттік мүлік туралы заңнама, оның ішінде Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары тек мемлекеттік мүлікке ғана қолданылады.

    Сұрақ

    Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі - РМҚК) сыйақы алу үшін екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне ақшалай қаражатты уақытша орналастыруға құқығы бар ма?

    Жауап

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысымен (бұдан әрі-№960 қаулы) реттелген. №960 қаулының 1- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны қаржы құралдарына, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруын қамтамасыз ету ұсынылды. Осылайша, №960 қаулы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қолданылмайды.

    Сұрақ

    Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы электрондық әмиянның мақсаты қандай?

    Жауап

    Электрондық әмиян - бұл жеке кабинет аукциондарға қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауды және қайтаруды қамтамасыз ететін, екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына қатысушы салған қаражатты есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын мемлекеттік мүлік тізіліміне қатысушы

    Сұрақ

    Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің әкімшілік шығыстарын шектеуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының кейбір нормаларын қолдану жөнінде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар кәрсетілген ұйымдардың даму жоспарларын қараған кезде кейбір әкімшілік шығыстар түрлерінің лимиттерін жыл сайын белгілеуі тиіс. Осыған байланысты, аталған қаулы тікелей әрекет ететін ұйымдар қаулымен белгіленген нормаларды ұстануы тиіс.

    Сұрақ

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүлкінің меншік нысаны туралы түсініктеме беру туралы?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Осыған орай, Серіктестік меншігіндегі мүлік мемлекеттік мүлікке жатпайды.

    Сұрақ

    Шығыстарды өтеу ұғымы және қандай шығыстар кейiннен сатып алу құқығымен мүлікті сенiмгерлік басқару кезінде өтеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 3.2-тармағына сәйкес сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде шығыстарын өтеу кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады. Сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен қайтаруға болжанатын шығыстардың ұғымы мен мазмұны аталған объектілерді сенімгерлік басқару шарттарын жасасу кезінде ескерілуі тиіс.

    Отчет

    Аналитикалық анықтама

    ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»; 2) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру». 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша электрондық түрде 19516 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)– 8453. Комитеттің есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінің (уақытының) бұзылуы болған жоқ. Комитетке қызмет көрсеткеніне заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.

    Ақпарат

    Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау

    2026 жылғы 2 маусымда Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген аналитикалық анықтамаға жария талқылау өткізілді. Жария талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.А. Картымбетов қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама департамент басшысының қол қоюына ұсынылды.

    Ақпарат

    ҚР ҚМ ММЖК Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    2026 жылғы 08 маусымы Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау келесі бағыттар бойынша өткізілді: 1) департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау күні туралы хабарлама 2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің интернет-ресурсында хабарландырлынды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.