Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

    kyzylorda-karmakshy

    kyzylorda-karmakshy·

    2026 жылдың 16 маусым күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен 4 кандидат ұсынылды.

    Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.

    Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылдың 21 маусым күні сағат 18-00 де аяқталады.

    Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

    Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы

    Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап ШЕШТІ: Әкім болуға кандидаттар ретінде тіркелсін: Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) Туған жылы Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері, ұсыну тәсілі Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы 1984 Адвокат, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы, Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Еркебаев Ерлан Мырзабекович 1984 Сектор меңгерушісі, «Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы 1974 Методист, «Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Әкім болуға тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін. Әкім болуға тіркелген кандидаттар сайлау бюллетеніне енгізілсін. Кандидаттарды тіркеу туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 19 маусым 2026 жыл №68

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидат Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының өз өтінішіне сәйкес кандидаттығын кері қайтару туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6 бабына және Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының 2026 жылғы 17 маусымдағы жазбаша өтінішіне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Теміржол көшесі №10/4 үй тұрғыны, 10 ақпан 1964 жылы туылған әкім болуға кандидат Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының 2026 жылғы 17 маусымдағы жазбаша өтінішіне сәйкес, 2026 жылдың 17 маусымынан бастап кандидаттығы алынсын. Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р. Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №66

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    Әкім болуға кандидат Қаниев Қайрат Бөгенбайұлының сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасының, 31-бабының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: 1. Әкім болуға кандидат Қаниев Қайрат Бөгенбайұлының сенім білдірілген адамы тіркелсін: № р/б Сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) 1. Тайышова Гүлнұр Қозыбаққызы Сенім білдірілген адамға тиісті куәлік берілсін. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №65

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    Әкім болуға кандидат Еркебаев Ерлан Мырзабековичтің сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасының, 31-бабының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: 1. Әкім болуға кандидат Еркебаев Ерлан Мырзабековичтің сенім білдірілген адамы тіркелсін: № р/б Сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) 1. Абдиев Алымжан Алиұлы Сенім білдірілген адамға тиісті куәлік берілсін. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №64

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    Әкім болуға кандидат Әбдиев Бахытжан Жүргенұлының сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасының, 31-бабының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: 1. Әкім болуға кандидат Әбдиев Бахытжан Жүргенұлының сенім білдірілген адамы тіркелсін: № р/б Сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) 1. Тұрғанов Қожабай Қарашаұлы Сенім білдірілген адамға тиісті куәлік берілсін. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №63

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты қолдап сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын толтыру үшін сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшеріндегі қол санын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 маусымдағы №АСК-26/237 «Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы 8 (сегіз) қол санында белгіленсін. Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін. Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №62

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

    « Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: Әкім болуға Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы, Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы, Еркебаев Ерлан Мырзабекович, Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы кандидаттар ретінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді. Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын. Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р . Ефенов Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г . Жубаидаев Жосалы кенті 17 маусым 2026 жыл №61

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекарасы туралы хабар

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына және «Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 маусымдағы №АСК-26/237 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекарасы туралы хабарлайды. №112 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Т.Көмекбаев ауылдық округi, Т.Көмекбаев ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, құрылыс 38, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№185 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Телефоны: 8(72437) 4-22-03. Шекарасы: Абай Құнанбаев көшесі №1-ден №37 үйлер; Ү.Аяпов көшесі №1-ден №23 үйлер; Аша көшесі №1-ден №17 үйлер; Ә.Хайруллаев көшесі №1-ден №10 үйлер; С.Жұмабаев көшесі №1-ден №7 үйлер; Қызылқұм көшесі №1-ден №13 үйлер; Жаңақала көшесі №1-ден №18/1 үйлер; Балқы Базар көшесі №1-ден №14 үйлер; Қаратай Қуанбаев көшесі №1-ден №21 үйлер; С.Есқараев көшесі №1-ден №8/1 үйлер; Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесі №1/1-ден №27/2 үйлер; Т.Көмекбаев ауылдық округтің аумағындағы Кекірелі, Шобанқазған елді мекендердегі үйлер. Қыстаулар: Карамадин, Қосжеген, Қантай, Сулықасқа, Жабықбай, Мырзалы 1, Мырзалы 2, Мұнаралы, Ыстық бұлақ, Үш бұлақ. Қармақшы ауданы әкiмiнiң аппараты

    kyzylorda-karmakshyЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.