«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 маусымдағы №АСК-26/237 «Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы 8 (сегіз) қол санында белгіленсін.
- Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
- Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Р.Ефенов |
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы |
Г.Жубаидаев |
Жосалы кенті
17 маусым 2026 жыл
№62