2026 жылғы 16 маусым күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қазалы ауданы бойынша Бозкөл ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың 3-уі де (100 %)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылғы 21 маусым күнгі сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.