«Қала хикаялары» конкурсының ережесі
«Қала хикаялары» конкурсының ережесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұқсас материалдар
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы «2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың жоспарын бекіту туралы» № 167-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының 202 5 жылғы 5 желтоқсандағы «2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың жоспарын бекіту туралы» № 167-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдениет саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бюджеттен тыс қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдениет саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бюджеттен тыс қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 251-НҚ бұйрық
«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН : «Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35957 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ облысының/қаласының Әділет департаменті Нормативтік құқықтық акті 29.05.2026 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 38823 болып енгізілді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 251-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына қосымша Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – әкімшінің ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны; 2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер; 5) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы; 6) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілі; 7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексте белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар; 8) «цифрлық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «цифрлық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға. 2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіреді. Мемлекеттік органдар Заңның 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректерді орналастырады және өзектендіреді. Ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректерін орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және конвертер деректерді Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді беру форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың ашық деректерді JSON немесе XML форматына аударуы АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерді JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерді қалыптастырады. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерді қамтиды. Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді орналастыру егер ұсынылатын ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушының цифрлық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді ашық деректердің интернет-порталы арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыға жібереді. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді. Мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын субъект өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Заңның 9-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, АЖО арқылы ашық деректерді орналастырады. Көрсетілген Заң талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 1-қосымша Ашық деректерді ұсыну форматы Ашық деректерді жариялау форматы «meta»: { «apiUri»: «», «nameKk»: «», «nameRu»: «», «nameEn»: «», «descriptionKk»: «», «descriptionRu»: «», «descriptionEn»: «», «keywords»: [], «responsible»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «», «owner»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «» «fields»: { «<fieldName>»: { «type»: «Int | String | Double | Boolean |Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «datapath»: «<apiUri>.<id>», «pkey»: true}, «<fieldName>»: { «type»: «Object», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «fields»: {} «<fieldName>»: { «type»: «List», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double |Boolean | Date | Geoposition | Object | List» «fields»: {} «data»: [{}..{}] Формат бойынша ашық деректер жолдарының сипаттамасы р/с № Жолдың атауы Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі Жолдың типі Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар 1. apiUri Ашық деректердің сәйкестендіргіші Жол (100) Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші 2. NameKk/NameRu Ашық деректердің атауы Жол (255) Ашық деректердің толық атауы 3. DescriptionKk/descriptionRu Ашық деректердің сипаттамасы Мәтін Ашық деректердің толық сипаттамасы 4. Keywords Ашық деректердің түйінді сөздері Массив/ Тізім Түйінді сөздер 5. Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu Ашық деректерге жауапты адам Жол (100) Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда) 6. Responsible.phone Телефон нөмірі Жол (50) жауапты тұлғаның телефон нөмірі 7. Responsible.email Электрондық поштаның мекенжайы Жол (50) Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы Ашық деректер жолдарының сипаттамасы р/с № Жолдың атауы Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі Жолдың типі Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар Ашық деректері мысал 1. Жолдардың атауы Бүтін сандар Int Атрибут сандық мәнді қамтиды id: { type: «Int», labelKk: «ИД», labelRu: «ИД», labelEn: «ID», pkey: true}, 2. Бүтін емес сандар Double Атрибут сандық емес мәнді қамтиды 3. Жол String Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды: Қазақ және орыс әліпбиінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я]. "Нөмір" белгісі "Дефис" белгісі "Дөңгелек" жақшалар Сөз бөлгіш – "аралық" дара нышан "Үтір" белгісі "Нүкте" белгісі title: { type: «String», labelKk: «Атауы», labelRu: «Атауы», labelEn: «Title»} 4. Логикалық мәні Boolean true/false published: {type: «Boolean», labelKk: «Жарияланған», labelRu: «Жарияланған», labelEn: «Published»}, 5. Күні Date Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм date: {type: «Date», labelKk: «Күні», labelRu: «Күні», labelEn: «Date»}, 6. Геопозиция Geoposition Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды– Х координатары: У координаттары 7. Парақ List List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды 8. Объект Object Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы р/с № Атрибуттың атауы Атрибуттың сипаттамасы Болжамды мәні 1. type Атрибут жол типін көрсетеді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 2. labelKk Қазақ тілдегі атрибуттың атауы 3. labelRu Орыс тіліндегі атрибуттың атауы 4. elementType Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 5. pkey Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді true, false 6. fields Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды 7. datapath Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған «<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объектінің сәйкестендіргіші>» Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 2-қосымша Ашық деректерді JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы Жолдың атауы Мәні Мысалы Ашық деректердің сәйкестендіргіші р/с № Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы* Астана қаласының дәріханалары Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы* Аптеки города Астана Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы* Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы* Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер* Дәріхана, аптека Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)* Ақышев Жеңіс Бекенұлы Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)* Акишев Женис Бекенович Жауапты адамның телефон нөмірі* +7(7172)740479 Жауапты адамның электрондық поштасы* [email protected] Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар Ашық деректер жолдарының сипаттамасы Жол Қазақ тілдегі жолдың атауы* Орыс тіліндегі жолдың атауы* Жолдың типі* Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)* Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету Массив ішіндегі объектінің типін көрсету Үлгі id р/с № № п/п string true name Атауы Название string false region Өңір Регион string false geoposition Геонүкте Геопозиция geoposi-tion false address Мекенжайы Адрес address false schedule Жұмыс істеу кестесі График работы text false expireDate Лицензияның аяқталу мерзімі Срок истечения лицензии date false Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген. Ашық деректерді қалыптастыру шаблоны id name region geoposition address 1. Гиппократ Астана 51.117469,71.428171 Астана қаласы, «Ильинка» Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй 2. Зеленая аптека Астана 51.121077,71.419938 Астана қаласы, Достық шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй