Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Жаңалықтар
Ашу«Қазақконцерт» сахнасында би өнерінің даму тарихы көрсетілді
АшуҚазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
АшуЖамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90-маусымын аяқтады
АшуОтандық «No Good In Sight: A Story» фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
АшуCreative Aimaq республикалық жобасы аясында Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесі ашылды
Ашу«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды
Оқиғалар
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің халықпен кездесуі өтеді
2021 жылғы 26 мамырда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есептік кездесуі өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды мына электрондық мекенжайларға: [email protected] , [email protected] немесе + 7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсетуіңізді сұраймыз. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Сұрақ-жауап
Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?
Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар: Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау» порталына (elicense.kz) кіріңіз. Порталда тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз. «Дінтану сараптамасын жүргізу» қызметін таңдаңыз. Электрондық өтініш формасын толтырыңыз. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойып жіберіңіз. Өтінішіңіздің статусын жеке кабинетіңіз арқылы бақылаңыз. Электронды түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар: Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш нысаны; Сараптама нысанасының Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің электрондық көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Өтінішті қағаз (қолма-қол) түрде қалай беру керек: Дін істері комитетінің кеңсесіне жүгініңіз ( Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-11-78, 74-18-48. Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс); Қажетті құжаттарды ұсыныңыз*; Құжаттарды қабылдағаннан кейін 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) шешім қабылдап, қызмет алушыны хабардар етеді. Қағаз түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар: Белгіленген нысандағы өтініш; Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат; Заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама; Сараптама нысанасының ҚР ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі; Сараптама нысаналары; Егер ұсынылған материал шет тілінде болса – қазақ немесе орыс тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасы ұсынылуы қажет. Қызмет көрсетушінің (Комитеттің) әрекетіне шағымдану Егер дінтану сараптамасын жүргізу бойынша шешімге, әрекетке немесе әрекетсіздікке қанағаттанбасаңыз, шағым бере аласыз. Шағымды қайда беру керек: Қызметті көрсеткен органға; Қызметкердің өзіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану кезінде); Жоғары тұрған орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі: Уәкілетті орган сіздің шағымыңызды тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға міндетті; Қызмет алушының шағымы қанағаттандырылмаған жағдайда, Комитет үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және барлық құжаттарды жоғары тұрған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдайды. Бұл туралы сол күні сізге хабар беріледі; Егер шағым бойынша оң шешім қабылданса (өтініш берушінің пайдасына), ол жоғары тұрған мемлекеттік органға жіберілмейді; Шағымды қарау мерзімі келесі жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін: қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда; қосымша ақпарат алу қажет болғанда. Сот тәртібі: Сотқа тек сотқа дейінгі шағымдану рәсімінен кейін ғана жүгінуге болады (егер заңда өзгеше көзделмесе).
Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды дамытуға және қолдауға бағытталған ірі әлеуметтік жобаларды іске асыру; - аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету; - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккен аумақтарға көмек көрсету; - Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету; - ғылым, инновация, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу; - жануарларға қайырымдылық көмек көрсету; - кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік қайырымдылықты дамытуы. Құрметті атақ беру Комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатарынан қалыптастырылады. Құрметті атақтар беруге ұсынымдарды қабылдау туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын 1 шілдені қоса алғанда мынадай тәсілдердің бірімен береді: 1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда); 2) хабарландыруда көрсетілген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің электрондық мекенжайына (PDF форматында). Конкурсқа қатысу үшін (қайырымдылық саласындағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінімдерді қабылдауды бастағанын жариялағаннан кейін) Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар Қағидаларда бекітілген нысан бойынша ұсынымдарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді. Комиссияның құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешімі комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 жұмыс күні ішінде қол қояды. Құрметті атаққа ие болған адамдарға «Қайырымдық үшін» төсбелгісі тапсырылады.
Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?
Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге және сауалнамаға енгізуге өтініш (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ Бұйрығы «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы») Министрлік өтініш беруші туралы мәліметтер тізілімге келіп түскен кезде оларды 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылған мәліметтердің толық выявстігі анықталған кезде министрлік өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды пысықтауға жібереді. Өтініш беруші 3 жұмыс күні ішінде өз қызметі туралы мәліметтерді пысықтайды және электрондық поштаға қайта жібереді [email protected] тізілімге қосу үшін. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі пысықталған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда өтініш берушіге тіркеуден бас тарта алады. Мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе бас тарту өтініш берушіге электрондық поштаға хабарлама арқылы ресімделеді. Волонтерлік қызметті тоқтату өтініш берушінің бастамасы бойынша электрондық поштаға еркін нысандағы хабарлама негізінде жүзеге асырылады [email protected] шешім қабылданған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде тізілімде не туралы белгі қойылады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?
Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлер топтарына, волонтерлік ұйымдарға, халықаралық волонтерлік ұйымдарға беріледі. Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) Үздік волонтерлер ұйымы; 2) Корпоративтік волонтерлік көшбасшы; 3) Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары; 4) Үздік әлеуметтік көмекші; 5) Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін; 6) Жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін; 7) Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін; 8) Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін; 9) Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін; 10) Білімді танымал етуге қосқан үлесі үшін; 11) Қоршаған ортаны қорғауға және қорғауға қосқан үлесі үшін; 12) Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін; 13) Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін; 14) Зообақылау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін; 15) Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін. Сыйлықты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында, волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында жарияланады «Qazvolunteer.kz», сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында өтінімдерді түпкілікті қабылдаған күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын. Сыйлыққа қатысу үшін үміткерлер волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады «Qazvolunteer.kz» электрондық түрдегі құжаттар (DOC, DOCX, PDF форматы): 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімін; 2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама; 3) волонтерлік қызметке қатысты ұсыным хат және үміткердің жетістіктері туралы анықтама (бар болса); 4) волонтерлік қызметке қатысты марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (бар болса); 5) волонтерлік қызметке қатысты үміткердің немесе үміткер туралы баптардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса); Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ өтінімнің сәйкессіздігі анықталған жағдайда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде өтінімді сыйлықақы алуға өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Үміткер хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ескертулерді ескере отырып жетіспейтін құжаттарды және сыйлықақы алуға сәйкес келтірілген өтінімді ұсынады. Сыйлықақы алуға өтінім талаптармен сәйкес келмеген жағдайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 1 жұмыс күні ішінде үміткерге сыйлықақы алуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді. Үміткерлер сыйлықақы алуға бір номинациядан артық емес қатысады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сыйлыққа үміткерлердің тізбесін волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады «Qazvolunteer.kz», Байқау 2 кезеңде өтеді. 1 кезеңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында ашық онлайн-дауыс беруді өткізеді «Qazvolunteer.kz» сыйлыққа үміткерлердің тізімі орналастырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде. Волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша «Qazvolunteer.kz», кему ретімен дауыс саны бар үміткерлердің тізімі орналастырылады. Екінші кезеңге ең көп дауыс жинаған әр номинациядан 10-нан аспайтын үміткер өтеді. Дауыстар тең болған кезде екі үміткер де өтеді. 2 кезеңді өткізу, үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан Парламент Мәжілісінің, мемлекеттік органдардың, волонтерлік ұйымдардың, азаматтық сектордың және волонтерлік саласындағы сарапшылардың қатарынан «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру жөніндегі Комиссия құрылады. Комиссия мүшелері сыйлыққа үміткерлердің өтінімдерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен алған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде төменде көрсетілген критерийлер бойынша өтінімдерді 0-ден 5 балға дейін зерделейді және бағалайды: 1) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі; 2) алға қойылған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі; 3) қызметтегі инновациялар; Әрбір критерий бойынша балдар жинақталады және жалпы балл қойылады. Комиссияның үміткерлерге сыйлықақы беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің әрбір номинация бойынша бағаларының жалпы қорытындылары негізінде Комиссия отырысында қабылданады. Ұпайлар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Ең көп ұпай жинаған әр номинация бойынша 3 үміткер жеңімпаз деп танылады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Үміткерге хаттама жобасын және бағалау парағын қоса бере отырып, хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі. Үміткерлер хаттаманың алдын ала жобасына қарсылықты хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібере алады. Үміткерлердің хаттама жобасына қарсылықтары қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері Комиссия хаттамасына қол қояды және волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында орналастырылады «Qazvolunteer.kz».
ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестіктер, мекемелер) жыл сайынғы 1 наурызға дейін электрондық түрде ақпаратты ұсынуға міндетті. «Үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасы» (бұдан әрі – ҮЕҰ ДБ) есепті кезеңге (өткен жыл). «ҮЕҰ деректер базасы» Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, олар туралы жұртшылықты және донорларды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру, гранттар беру және мемлекеттік сыйлықтарды тағайындау кезінде пайдалану үшін қалыптастырылады. Үкіметтік емес ұйымдар Деректер базасын қалыптастыру бойынша Қағидаларына сәйкес, ұйым, құрылтайшылар, басшылар, қызметкерлер, іске асырылып жатқан жобалар, қызмет бағыттары, мүлкі, сондай-ақ қаражатты жұмсау бағыттары, мүлікті қалыптастыру көздері және т.б. өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады. ҮЕҰ-ның мәліметтерді Деректер базасына уақтылы ұсынуы ҮЕҰ конкурстық негізде мемлекеттік қаржыландыруды (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, марапаттар, стратегиялық әріптестік) алуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?
«Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы берілген басқа да субъектілер, олардың құрамына қоғамдық кеңестер кіреді. Қоғамдық бақылауды азаматтар дербес өзі немесе қоғамдық бақылау топтарына қатысу арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір мәселе бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін азаматтар өз бастамалары бойынша 5 адамнан тұратын қоғамдық бақылау тобына біріге алады. Қоғамдық бақылауды жүргізу қоғамдық мониторинг, қоғамдық талқылау және қоғамдық сараптама нысандарында жүзеге асырылады. Қоғамдық бақылау бір уақытта бірнеше нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Қоғамдық бақылау тексеру немесе тексеру шарасы емес екенін білу маңызды.
Құжаттар
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы «2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың жоспарын бекіту туралы» № 167-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының 202 5 жылғы 5 желтоқсандағы «2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың жоспарын бекіту туралы» № 167-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдениет саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бюджеттен тыс қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдениет саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бюджеттен тыс қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 251-НҚ бұйрық
«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН : «Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35957 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ облысының/қаласының Әділет департаменті Нормативтік құқықтық акті 29.05.2026 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 38823 болып енгізілді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 251-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына қосымша Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – әкімшінің ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны; 2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер; 5) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы; 6) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілі; 7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексте белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар; 8) «цифрлық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «цифрлық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға. 2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіреді. Мемлекеттік органдар Заңның 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректерді орналастырады және өзектендіреді. Ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректерін орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және конвертер деректерді Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді беру форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың ашық деректерді JSON немесе XML форматына аударуы АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерді JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерді қалыптастырады. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерді қамтиды. Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді орналастыру егер ұсынылатын ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушының цифрлық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді ашық деректердің интернет-порталы арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыға жібереді. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді. Мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын субъект өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Заңның 9-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, АЖО арқылы ашық деректерді орналастырады. Көрсетілген Заң талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 1-қосымша Ашық деректерді ұсыну форматы Ашық деректерді жариялау форматы «meta»: { «apiUri»: «», «nameKk»: «», «nameRu»: «», «nameEn»: «», «descriptionKk»: «», «descriptionRu»: «», «descriptionEn»: «», «keywords»: [], «responsible»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «», «owner»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «» «fields»: { «<fieldName>»: { «type»: «Int | String | Double | Boolean |Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «datapath»: «<apiUri>.<id>», «pkey»: true}, «<fieldName>»: { «type»: «Object», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «fields»: {} «<fieldName>»: { «type»: «List», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double |Boolean | Date | Geoposition | Object | List» «fields»: {} «data»: [{}..{}] Формат бойынша ашық деректер жолдарының сипаттамасы р/с № Жолдың атауы Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі Жолдың типі Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар 1. apiUri Ашық деректердің сәйкестендіргіші Жол (100) Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші 2. NameKk/NameRu Ашық деректердің атауы Жол (255) Ашық деректердің толық атауы 3. DescriptionKk/descriptionRu Ашық деректердің сипаттамасы Мәтін Ашық деректердің толық сипаттамасы 4. Keywords Ашық деректердің түйінді сөздері Массив/ Тізім Түйінді сөздер 5. Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu Ашық деректерге жауапты адам Жол (100) Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда) 6. Responsible.phone Телефон нөмірі Жол (50) жауапты тұлғаның телефон нөмірі 7. Responsible.email Электрондық поштаның мекенжайы Жол (50) Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы Ашық деректер жолдарының сипаттамасы р/с № Жолдың атауы Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі Жолдың типі Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар Ашық деректері мысал 1. Жолдардың атауы Бүтін сандар Int Атрибут сандық мәнді қамтиды id: { type: «Int», labelKk: «ИД», labelRu: «ИД», labelEn: «ID», pkey: true}, 2. Бүтін емес сандар Double Атрибут сандық емес мәнді қамтиды 3. Жол String Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды: Қазақ және орыс әліпбиінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я]. "Нөмір" белгісі "Дефис" белгісі "Дөңгелек" жақшалар Сөз бөлгіш – "аралық" дара нышан "Үтір" белгісі "Нүкте" белгісі title: { type: «String», labelKk: «Атауы», labelRu: «Атауы», labelEn: «Title»} 4. Логикалық мәні Boolean true/false published: {type: «Boolean», labelKk: «Жарияланған», labelRu: «Жарияланған», labelEn: «Published»}, 5. Күні Date Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм date: {type: «Date», labelKk: «Күні», labelRu: «Күні», labelEn: «Date»}, 6. Геопозиция Geoposition Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды– Х координатары: У координаттары 7. Парақ List List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды 8. Объект Object Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы р/с № Атрибуттың атауы Атрибуттың сипаттамасы Болжамды мәні 1. type Атрибут жол типін көрсетеді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 2. labelKk Қазақ тілдегі атрибуттың атауы 3. labelRu Орыс тіліндегі атрибуттың атауы 4. elementType Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 5. pkey Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді true, false 6. fields Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды 7. datapath Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған «<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объектінің сәйкестендіргіші>» Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 2-қосымша Ашық деректерді JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы Жолдың атауы Мәні Мысалы Ашық деректердің сәйкестендіргіші р/с № Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы* Астана қаласының дәріханалары Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы* Аптеки города Астана Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы* Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы* Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер* Дәріхана, аптека Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)* Ақышев Жеңіс Бекенұлы Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)* Акишев Женис Бекенович Жауапты адамның телефон нөмірі* +7(7172)740479 Жауапты адамның электрондық поштасы* [email protected] Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар Ашық деректер жолдарының сипаттамасы Жол Қазақ тілдегі жолдың атауы* Орыс тіліндегі жолдың атауы* Жолдың типі* Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)* Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету Массив ішіндегі объектінің типін көрсету Үлгі id р/с № № п/п string true name Атауы Название string false region Өңір Регион string false geoposition Геонүкте Геопозиция geoposi-tion false address Мекенжайы Адрес address false schedule Жұмыс істеу кестесі График работы text false expireDate Лицензияның аяқталу мерзімі Срок истечения лицензии date false Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген. Ашық деректерді қалыптастыру шаблоны id name region geoposition address 1. Гиппократ Астана 51.117469,71.428171 Астана қаласы, «Ильинка» Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй 2. Зеленая аптека Астана 51.121077,71.419938 Астана қаласы, Достық шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй