«Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 580 бұйрығы

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Ұқсас материалдар

    Приказ

    2024 жылғы «30» желтоқсан № 1507 ««Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы» ҚР ҚМ бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға бекітілсін. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылыков «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

    ҚР ҚМЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.