Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Министерство осуществляет государственную политику в области обороны, военно-политическое и военно-экономическое управление Вооруженными Силами Республики Казахстан, а также уполномоченным органом в сфере государственной авиации.

    Министрлік туралы

    Министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    Полигон "Амандық" Военного колледжа им. Ш. Уалиханова г. ЩучинскҚР ҚМ
    ОтырысАяқталды

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Астана 25 елдің жауынгер-әскери қызметшілерін қарсы алады

    Елордада әскери қызметшілер арасында Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен қазақ күресінен I-ші әлем чемпионаты өтеді. Біріншіліктің ашылуы 14 тамызда Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында өтеді. CISM турнирінің ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq Kuresi қауымдастығы. Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатында әлемнің 25 армиясының балуандары бағын сынайды. Қазақстанның намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметі құрамының мықты спортшылары қорғайды. Жекпе-жек ерлер арасында (55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келіге дейін және одан жоғары) және әйелдер арасында (48 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 77 келіге дейін және одан жоғары) 16 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Қазақстан өткен жылдың мамыр айында Танзаниядағы Сonseil International du Sport Militaire 79-шы Бас ассамблеясында және конгресінде жекпе-жектің ең көне түрінің тұсаукесерінен кейін әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Әлем чемпионаты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған. Іс-шара аясында отандасымыздың өмірі мен ерлігіне байланысты бірегей құжаттар, фотосуреттер және артефактілер қойылатын тақырыптық көрме өтеді. Бұдан басқа, спорт форумының қонақтары қазақ мәдениетінің атмосферасымен таныса алады, яғни аренаның жанында киіз үйлер, ұлттық жәдігерлер мен дәстүрлі өнер үлгілері орнатылады. Естеріңізге сала кетсек, Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады. Чемпионатты сәтті өткізу отандық күрес тарихында бетбұрыс жасауға ықпал етеді деп күтілуде, өйткені CISM қазақ күресін әлемдік армия турнирлерінің жыл сайынғы бағдарламасына, одан бөлек 2027 жылы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.

    14 тамыз 2025 ж.Тікелей
    Легкоатлетический спортивный комплекс "Казахстан"ҚР ҚМ
    ОтырысАяқталды

    "Айбын-2025" жастардың әскери-патриоттық жиыны

    "Айбын-2025" Әскери-патриоттық жиын Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 22-28 маусым аралығында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында өткізіледі

    22 маусым 2025 ж.Тікелей
    Военный институт Сил воздушной обороны имени дважды Героя Советского Союза Талгата Бегельдинова, г. АктобеҚР ҚМ

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мен келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре алам ба?

    Жауап

    Егер белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре аласыз. 1. Кіру үшін негізгі талаптар: 1. Азаматтығы және жасы · Қазақстан Республикасының азаматы; · 19 жастан бастап нақты әскери атақ пен лауазым үшін белгіленген шекті жасқа дейін. 2. Білімі: · кемінде орта немесе кәсіби орта; · офицерлер лауазымдары үшін жоғары білім, сондай-ақ запастағы офицерлерге арналған бағдарлама бойынша әскери дайындықтан өтуі. 3. Дене дайындығы және психикалық салауаттылығы: · медициналық куәланадырумен расталған денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы; · психологиялық және кәсіби іріктеуден өту. 4. Кедергілердің болмауы: · соттылығының немесе қозғалған қылмыстық істердің болмауы; · соңғы жыл бойы сыбайлас жемқорлық немесе қасақана құқық бұзушылықтардың болмауы; · келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін бекітілген шектеулерді қабылдауға әзірлігі. Түсу рәсімі: 1. өтініш беру: · жергілікті әскери басқару органына немесе әскерге шақырылғыңыз келетін әскери бөлімге тікелей жүгініңіз. 2. Тексерулерден өту: · медициналық куәландыру; · дене дайындығын тексеру; · психологиялық тестілеу; · арнайы тексеру, оның ішінде мемлекеттік құпияға рұқсат беру үшін тексеру (қажет болған жағдайда); 3. Кандидатураны қарау: · іріктеу комиссиясы кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. 4. Келісімшарт жасасу.

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Ұлым Аягөз қ. қызмет өткеріп жатса, өзім мүгедек болып, денсаулық жағдайым ауыр, тұрақты күтімге мұқтаж болсам, ұлымды Шымкент қ. ауыстыра аламын ба?

    Жауап

    Әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, оның ішінде жақын туысының ауыр халіне байланысты басқа өңірге ауыстыру мүмкіндігі «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» ҚР Заңында көзделген, алайда шешім автоматты түрде емес, қолбасшылықтың қарауына қарай қабылданады Не істеу керек: 1. Әскери қызметші бөлім командиріне ауыстыру себептерін көрсете отырып, өзін басқа өңірге ауыстыру туралы баянат беру қажет; 2. Баянатқа мынадай құжаттар тіркеледі: 1. үлгілік нысан бойынша отбасылық-мүліктік жағдайды зерттеп-қарау актісі; 2. медициналық анықтамалар, үзінді-көшірмелер; 3. мүгедектік туралы анықтама; дәрігерлер комиссиясының тұрақты күтім керектігі туралы қорытындысы; туыстықты растайтын құжаттар (туу туралы куәлік және т.б.). 3. Бөлім командирі баянатты команда бойынша Қорғаныс министрлігінің кадр бөлімшелеріне жібереді. Онда қажетті өңірде әскери қызметшінің әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін бос лауазымдардың болуы қарастырылады. 4. Шешім әрбір жағдай бойынша жеке қабылданады: егер бос орын болса және негіздер себепті деп танылса – ауыстыру мүмкін болады.

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Келісімшарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады немесе запастағы офицерлер үшін 24 ай мерзіммен әскери қызметке қалай шақырылады?

    Жауап

    Жоғары оқу орнындағы оқуды, ЖОО жанындағы әскери кафедраны аяқтағаннан кейін, Сіз запастағы офицер ретінде жұмылдыру резервіне тіркелесіз. Сізге берілген офицерлер құрамының «запастағы лейтенант» әскери атағын ескере отырып, Сіз 12 ай мерзіммен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатпайсыз. Запастағы офицер ретінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес Сіз 24 ай мерзіммен офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызметке шақыртылуыңыз мүмкін. Запастағы офицерлер құрамындағылар үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі: 1. Тіркеу немесе әскери есеп бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініңіз. 2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттар үшін көзделген іріктеу іс-шараларынан өтіңіз. 3. Іріктеу іс-шараларынан табысты өткеннен кейін біліміңіз бен әскери-есептік мамандығыңызды ескере отырып, Сізді офицерлер құрамы лауазымына бойынша әскери қызметке тағайындау туралы бұйрықтың шығаруылуын күтіңіз. 4. Тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін Сізбен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады.

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда офицер кезекті әскери атағын ала алмайды?

    Жауап

    ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына және ҚР Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысына сәйкес қызмет өткерудегі (әскери қызмет өткерудегі) офицер мынадай жағдайларда кезекті әскери атаққа ұсынылмайды: Ағымдағы әскери атақта белгіленген өтілінің болмауы: әрбір атақ үшін атақта болудың ең аз мерзімі белгіленген (2 жылдан 5 жылға дейін); Ерекше жағдай: кезектен тыс беру қызметте ерекшеленген және аттестаттаудан өткен кезде мүмкін. Тәртіптік жазалардың болуы: олар алынғанға дейін офицер кезекті атаққа ұсынылмайды; жаза сөгіс, қатаң сөгіс, толық қызметтік сәйкессіздігі туралы ескертуді қамтиды. Аттестаттау нәтижесінің қанағаттанарлықсыз болуы: егер соңғы аттестаттау қорытындысы бойынша офицер атқаратын лауазымына немесе білім деңгейі бойынша сәйкес емес деп танылса. 4.Атқаратын лауазымына сәйкессіздігі: егер офицер одан да жоғары атақты болжамайтын лауазымда қызмет өткерсе. Қылмыстық істің қозғалуы немесе соттылығының болуы: тергеу аяқталғанға дейін немесе соттылығын алғанға/өтегенге дейін беру мүмкін емес. Келісімшарт шарттарын бұзу немесе қызметтік міндеттерді орындамау; Ағымдағы атақ үшін шекті жасқа жету: егер офицер шекті жасқа жетіп (мысалы подполковник/полковник үшін 50-55 жас) және келесі атаққа тиісті құқықпен лауазымға тағайындалмаса.

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Маған кезекті запас бойынша әскери атақ алу тәртібін түсіндіруді сұраймын?

    Жауап

    Қарулы Күштерде запаста тұрған азаматтарға кезекті әскери атақ беру тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңымен және тиісті заңға тәуелді актілермен реттеледі. Кезекті әскери атақ беру үшін запастағы азамат әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органына жүгіну қажет. Не істеу керек: 1. Өтініш дайындау (еркін нысанда немесе жергілікті әскери басқару органының бастығына арналған кезекті әскери атақ беру туралы өтініш). 2. Қажетті құжаттарды жинау: · жеке куәлік; · әскери билет (бар болған жағдайда); · білім туралы құжаттар (талап етілген жағдайда); · жұмыс орнынан анықтама (сұрау салу бойынша); · өтілді, жиынға қатысқанын растайтын басқа да құжаттар (бар болған жағдайда); 3. Жергілікті әскери басқару органына жүгіну; 4. Жергілікті әскери басқару органы өтінішті қарайды және жоғары тұрған органдарға тиісті материлдарды жібереді.

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Мен әскери жиындардан «взвод сержанты» лауазымы бойынша өттім, алғашқы «запастағы лейтенант» әскери атағын ала аламын ба?

    Жауап

    Әскери жиындардан өткеннен кейін «запастағы лейтенант» атағын алу мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін нақты шарттар орындалуға тиіс. 1. «Запастағы лейтенант» атағын кім алады: 1. Жоғары білімі бар азамат (көп жағдайларда – міндетті); 2. Егер Сіз мынадай әскери дайындықтан өтсеңіз: · әскери кафедра арқылы; · запастағы офицерлерді даярлаудың арнайы курстары арқылы. 3. Егер Сіз мыналардан табысты өтсеңіз: · запастағы офицерлерді даярлаудың оқу бағдарламасынан; · әскери жиындардан (әскерге шақырту жиыны емес, офицерлік); · қорытынды аттестаттаудан және медициналық комиссиядан. Сіз әскери жиындардан өту кезеңінде «взвод сержанты» лауазымына тағайындалғандықтан, «запастағы лейтенант» әскери атағын беруге құқықтық негіздемелер жоқ.

    ҚР ҚМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.