2024 жылдың ІV тоқсанында жалпы 4353 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 70, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 882 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 3401 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 2975 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 426 қызмет.
Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды. 2024 жылдың басынан бастап 3 онлайн жәрмеңке өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар орын алған жоқ.