«Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау, Нұра ауданының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау берілген.
Құжаттар
2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп
2025 жылы жалпы 4441 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 0, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 978 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 3463 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 2401 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 480 қызмет. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды. 2025 жылдың басынан бастап 11 онлайн жәрмеңке өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар орын алған жоқ. 2025 жылы Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларының сақталуы бойынша 2025 жылға ішкі бақылау жүргізу жоспарына сәйкес 5 бақылау іс-шаралары жүргізілді. 1 бақылау іс-шарасы сәуір айында «Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты» ММ-де 2025 жылдың 22-30 сәуірі аралығында жүргізіліп 3 ұсыныс берілді және орындалды. 2 бақылау іс-шарасы мамыр айында «Нұра ауданының дене шыңықтыру және спорт бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 2-8 мамыр аралығында жүргізіліп 2 ұсыныс берілді және орындалды. 3 бақылау іс-шарасы қыркүйек айында «Нұра ауданының ауыл шаураушылығы бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 8-15 қыркүйек аралығында жүргізіліп 5 ұсыныс берілді және орындалды. 4 бақылау іс-шарасы қазан айында «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 15-23 қазан аралығында жүргізіліп 4 ұсыныс берілді және орындалды. 5 бақылау іс-шарасы қараша айында «Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 24-28 қараша аралығында жүргізіліп 3 ұсыныс берілді және орындалды.
2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп
2024 жылдың ІV тоқсанында жалпы 4353 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 70, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 882 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 3401 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 2975 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 426 қызмет. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды. 2024 жылдың басынан бастап 3 онлайн жәрмеңке өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар орын алған жоқ.