Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы №486/6 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже) (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 12/1 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) келесі өзгерістер енгізілсін:
Ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-4) өз құзыреті шегінде өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру:
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 1) 2), 4) тармақшалары және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша хаттамалар жасау»;».
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының
әкімі А. Бейсекин