Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    ekibastuz-pred

    ekibastuz-pred·

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, қаулы жобасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 16-пункті 2-4) тармақшасына өзгерістер енгізіледі. Бөлімнің өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199, 204, 455, 505-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру енгізілді.

    Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

    Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.

    Ұқсас материалдар

    Проект постановления

    «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы №486/6 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже) (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 12/1 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) келесі өзгерістер енгізілсін: Ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2-4) өз құзыреті шегінде өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру: -Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы бойынша хаттамалар жасау; -Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша хаттамалар жасау; -Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 1) 2), 4) тармақшалары және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау; -Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша хаттамалар жасау»;». «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

    ekibastuz-predЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.