Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі басшыларының 2026 жылғы ІІІ тоқсанында азаматтарды қабылдау кестесі

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Ұқсас материалдар

    Объявление

    2026–2027 оқу жылына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы үкіметінің білім гранттары конкурсы

    2026–2027 оқу жылында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына жоғары кәсіптік білім, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 30 гранттық орын бөледі . Шетелдік студенттер үшін тілдік даярлықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады. Талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болуы; жоғары кәсіптік білім және бакалавриат бағдарламаларына үміткерлердің толық орта білім туралы аттестаты болуы және жасы 25-тен аспауы тиіс; магистратура бағдарламасына үміткерлердің бакалавр дәрежесі болуы және жасы 35-тен аспауы тиіс; докторантура бағдарламасына үміткерлердің магистр дәрежесі болуы және жасы 40-тан аспауы тиіс; қытай тілін базалық деңгейде меңгеруі қажет. Қытай тілін білмеген жағдайда даярлық факультетінде бір жылдық міндетті тілдік курстан өту қарастырылады. Қосымша талаптар: Шыңжаң университетіне, Шыңжаң аграрлық университетіне, Шыңжаң медициналық университетіне, Шыңжаң педагогикалық университетіне, Шыңжаң қаржы және экономика университетіне, сондай-ақ Қашғар университетіне бакалавриат бағдарламасы бойынша түсу үшін CSCA тестілеуінен өту қажет. Оқуға қабылдау CSCA емтиханын сәтті тапсырған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Грант аясында төмендегі шығындар өтеледі: оқу ақысы; жатақханада тұру шығындары; медициналық сақтандыру жарналары. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на ұсынылатын құжаттар тізбесі: Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы; паспорт көшірмесі; білім туралы құжаттар: «Жоғары кәсіптік білім» және «Бакалавриат» бағдарламалары үшін: аттестат және оған қосымша немесе негізгі орта білім туралы куәлік пен оған қосымша; табель; ағымдағы оқу жылындағы (11 немесе 12-сынып) орташа үлгерім көрсеткіші мен оқу аяқталатын жоспарланған күні көрсетілген анықтама; барлық құжаттардың ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасы. «Магистратура» бағдарламасы үшін: бакалавр немесе маман дипломы және оған қосымша (ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен); бакалавриаттың соңғы курсында білім алып жүрген студенттер оқу орнын аяқтаудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жоғары оқу орнынан анықтама, оқу бөлімі растаған транскрипт және олардың ағылшын немесе қытай тілдеріне аудармасын ұсынуы қажет. «Докторантура» бағдарламасы үшін: магистр дипломы және оған қосымша (ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен); магистратураның соңғы курсында білім алып жүрген студенттер оқу орнын аяқтаудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жоғары оқу орнынан анықтама, оқу бөлімі растаған транскрипт және олардың ағылшын немесе қытай тілдеріне аудармасын ұсынуы қажет. Шетелде оқуға шығатын тұлғаға арналған медициналық анықтама (072 нысаны), кандидат тұратын елдің ресми денсаулық сақтау органы берген, ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен; Соттылығының жоқтығы туралы анықтама, ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен. Құжаттар 2026 жылғы 26 маусымға дейін (қоса алғанда) қағаз түрінде және электрондық тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасымен бірге келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 507-кабинет, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Назар аударыңыз! Үміткерлерді оқуға қабылдау жөніндегі түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

    Объявление

    «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекенжайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5. Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің бар болуы, ғылыми атағының ( болғаны жөн); 2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл; 3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент, мемлекеттік жастар саясатының қағидаттарын білу (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен); 4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен); 5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік; 6) қазақ және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілі болғаны жөн (меңгеру деңгейі туралы сертификат көрсетіледі); 7) ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы (соңғы 3 жылдағы). Соңғы 3 жылда Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) болғаны жөн. Конкурсқа қатыса алмайды: 1) жиырма бес жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған; 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының қызмет тізімі; 4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы; 5) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы: - Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе растау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі; - «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі; - өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын растау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі; 6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы № 075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды); 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.11) соңғы 3 жылдағы ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, ғылыми (гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру), білім беру және инвестициялық жобаларға қатысу туралы құжаттардың көшірмелері, тәрбиелік сипаттағы жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ олардың кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтер түрінде растайтын құжаттарды ұсынады. Қоғамның даму бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс: 1) Қоғамды дамытудың 5 жылға арналған негізгі бағыттары бойынша пайымы, миссиясы, Қоғамдағы бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерді сақтауға сәйкес Қоғамның құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары); 2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) көрсету және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу); 3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімнің ұсыныстары (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, мәселелер, шешімдердің сабақтастығы); 4) конкурсқа қатысушы ұсынатын Қоғамның даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер. Қоғамның даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетіне жеткізу қажет (643 каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.