Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган саналады.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

    1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;

    2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;

    3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті;

    4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Жатақхана мәселесі жүйелі шешімін тауып келеді: нәтижелер мен жаңа бастамалар

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Ашу

    Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Ашу

    ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Ашу

    Жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер: ШҚТУ-да халықаралық ғылыми-білім беру апталығы өтті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Ашу

    KMG Digital Hackathon 2026: атыраулық студенттер мұнай-газ саласына арналған AI шешімдерін ұсынды

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Ашу

    Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекеттік органның ғылым және жоғары білім саласындағы ашықтығы» тақырыбына сауалнама өткізілетінін хабарлайды. Аталған сауалнама https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7045 сілтемесі бойынша қолжетімді. Қатысуларыңызды сұраймыз.

    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Халықтың жаңа жиынтықтарға деген қажеттіліктерін анықтау және ашық деректерді пайдалану» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. Аталған интернет-конференция https://dialog.egov.kz/conference/5877 сілтемесі бойынша қолжетімді. Осы интернет-конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз. Біз сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.

    ОтырысАяқталды

    RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит

    ҒЖБМ Орталық Азияның климаттық шешімдерін қалыптастыруда ғылым мен инновациялардың рөлі бойынша стратегиялық сессия өткізеді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Өңірлік экологиялық саммит аясында «Аймақтық климаттық шешімдерді қалыптастыруда академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында сессия өткізеді. Сессия Орталық Азияның тұрақты дамуын және климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ғылымның, инновациялардың және оның ішінде жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатардағы технологиялардың рөлін талқылау үшін маңызды орын болады. Жаһандық климаттық сын-қатерлердің күшеюі, технологиялық бәсекелестіктің өсуі, «жасыл» және цифрлық экономикаға өту кезеңінде жүйелік трансформациялардың қозғаушы күші, болжау құралы және стратегиялық шешімдерді қабылдау негізі ретінде ғылым жаңа маңызға ие болады. Сессия аясында: ✔ жасанды интеллект пен үлкен деректерді климаттық модельдеу және табиғи ресурстарды басқаруда қолдануға; ✔ климаттық және экологиялық технологияларды дамытуға (climate tech, clean tech); ✔ аймақтық инновациялық экожүйелер мен ғылыми платформаларды қалыптастыруға; ✔ ғылым, бизнес және мемлекеттің интеграциясы шешімдерін жылдам енгізуді жеделдетуге; ✔ адам капиталын дамыту және жаңа буын мамандарын даярлауға ерекше назар аударылады. Ғылыми қауымдастықтың дамудың ұзақ мерзімді сценарийлерін қалыптастырудағы және аймақтардың климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттырудағы рөлін талқылау жеке бағыт болады, оның ішінде су қауіпсіздігі, экожүйелердің деградациясы және трансшекаралық ресурстарды басқару мәселелері де қарастырылады. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен университеттердің өкілдері қатысады, оның ішінде COMSTECH, ХҒТО, Қазақстан және Орталық Азия университеттері мен Еуропалық зерттеу институттары бар. Сессия ғылыми ынтымақтастықтың жаңа форматтарын қалыптастыруға, инновациялық жобаларды дамытуға және ғылымды, технологияларды және саясатты интеграциялауға бағытталған бастамаларды іске қосуға, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік климаттық орталығын құруға арналған серпіліс болады деп күтілуде.

    ОтырысАяқталды

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглованың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Алматы қаласы, Достық көшесі 13 көшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, бас корпус мекенжайы бойынша өтеді. Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді [email protected] электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

    ОтырысАяқталды

    Алматыда «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді

    Алматыда «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді 7-8 сәуір күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді. Іс-шараға Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындары қатысып, білім беру бағдарламаларының кең ауқымын, шәкіртақы мүмкіндіктерін таныстырады, сондай-ақ келушілерді елдегі студенттік өмірдің ерекшеліктерімен таныстырады. Көрме білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттер мен жас мамандарды шетелде сапалы білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған. Тіркелу сілтемесі: https://studyinazerbaijan.aidaform.com/student-registration-form Әлеуметтік желідегі парақшалар: Facebook: https://www.facebook.com/StudyinAzerbaijan.edu.az Instagram: https://www.instagram.com/studyinaze

    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. https://dialog.egov.kz/conference/5811 сілтеме бойынша аталған интернет-конференция қолжетімді. Осы интернет-конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз. Біз сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар ма?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар. Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы заңнамада белгіленген жалпы зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткеннен кейін еңбек өтеу қай жерде жүзеге асырылуы қажет?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен түлектер міндетті еңбек қызметін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оларды жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл мерзімге жүзеге асыруы тиіс.

    Сұрақ

    Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінде кепіл ретінде жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда не істеуге болады?

    Жауап

    Егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының) кепіл ретінде ұсынатын жылжымайтын мүлкі болмаса, Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгер ұсына алады. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы бойынша конкурсқа өтініш пен құжаттарды қарау қанша уақытты алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қарау және қабылдау немесе «Болашақ» стипендиясы конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

    Сұрақ

    «Мемлекеттік қызметшілер» санатындағы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары тілдік курстардан шетелде өте ала ма?

    Жауап

    «Мемлекеттік қызметшілер» санаты (магистратура) бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне арналған тілдік курстар тек Қазақстан Республикасының аумағында және 12 айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.

    Сұрақ

    Жоғары және жоғары оқу орнындағы білім беру саласындағы білім беру қызметіне лицензия және(немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жоғары білім беру ұйымы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап білім беру қызметімен айналысу құқығы туындайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласында қызметін лицензиялау кадрларды даярлау бағыттары («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы негізінде) мен оқыту нысандары (күндізгі, онлайн-оқыту, экстернат) бойынша жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі – берілген күннен бес жылды құрайды. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру мемлекеттік қызмет түрі болып табылады, оның рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 . Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі негізгі шарт болып табылады. Өтініш беру алдында білім беру бағдарламаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркеуді қамтамасыз ету қажет, операторы – «Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК. Әрі қарай, әрбір біліктілік талабының тармағы бойынша (материалдық-техникалық жабдықталу (оқу корпустары, зертханалық үй-жайлар, оқу-техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.), профессор-оқытушы құрамымен қамтамасыз етілуі, ғылыми әлеует және басқалары) растау құжаттарының болуы қажет. Осылайша, жоғары білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жайлы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ғана өтініш және біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар келіп түскен жағдайда, отыз жұмыс күні ішінде қарастырылады.

    Объявление

    2026–2027 оқу жылына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы үкіметінің білім гранттары конкурсы

    2026–2027 оқу жылында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына жоғары кәсіптік білім, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 30 гранттық орын бөледі . Шетелдік студенттер үшін тілдік даярлықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады. Талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болуы; жоғары кәсіптік білім және бакалавриат бағдарламаларына үміткерлердің толық орта білім туралы аттестаты болуы және жасы 25-тен аспауы тиіс; магистратура бағдарламасына үміткерлердің бакалавр дәрежесі болуы және жасы 35-тен аспауы тиіс; докторантура бағдарламасына үміткерлердің магистр дәрежесі болуы және жасы 40-тан аспауы тиіс; қытай тілін базалық деңгейде меңгеруі қажет. Қытай тілін білмеген жағдайда даярлық факультетінде бір жылдық міндетті тілдік курстан өту қарастырылады. Қосымша талаптар: Шыңжаң университетіне, Шыңжаң аграрлық университетіне, Шыңжаң медициналық университетіне, Шыңжаң педагогикалық университетіне, Шыңжаң қаржы және экономика университетіне, сондай-ақ Қашғар университетіне бакалавриат бағдарламасы бойынша түсу үшін CSCA тестілеуінен өту қажет. Оқуға қабылдау CSCA емтиханын сәтті тапсырған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Грант аясында төмендегі шығындар өтеледі: оқу ақысы; жатақханада тұру шығындары; медициналық сақтандыру жарналары. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на ұсынылатын құжаттар тізбесі: Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы; паспорт көшірмесі; білім туралы құжаттар: «Жоғары кәсіптік білім» және «Бакалавриат» бағдарламалары үшін: аттестат және оған қосымша немесе негізгі орта білім туралы куәлік пен оған қосымша; табель; ағымдағы оқу жылындағы (11 немесе 12-сынып) орташа үлгерім көрсеткіші мен оқу аяқталатын жоспарланған күні көрсетілген анықтама; барлық құжаттардың ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасы. «Магистратура» бағдарламасы үшін: бакалавр немесе маман дипломы және оған қосымша (ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен); бакалавриаттың соңғы курсында білім алып жүрген студенттер оқу орнын аяқтаудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жоғары оқу орнынан анықтама, оқу бөлімі растаған транскрипт және олардың ағылшын немесе қытай тілдеріне аудармасын ұсынуы қажет. «Докторантура» бағдарламасы үшін: магистр дипломы және оған қосымша (ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен); магистратураның соңғы курсында білім алып жүрген студенттер оқу орнын аяқтаудың жоспарланған мерзімі көрсетілген жоғары оқу орнынан анықтама, оқу бөлімі растаған транскрипт және олардың ағылшын немесе қытай тілдеріне аудармасын ұсынуы қажет. Шетелде оқуға шығатын тұлғаға арналған медициналық анықтама (072 нысаны), кандидат тұратын елдің ресми денсаулық сақтау органы берген, ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен; Соттылығының жоқтығы туралы анықтама, ағылшын немесе қытай тіліне нотариат куәландырған аудармасымен. Құжаттар 2026 жылғы 26 маусымға дейін (қоса алғанда) қағаз түрінде және электрондық тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасымен бірге келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 507-кабинет, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Назар аударыңыз! Үміткерлерді оқуға қабылдау жөніндегі түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

    Объявление

    «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекенжайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5. Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің бар болуы, ғылыми атағының ( болғаны жөн); 2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл; 3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент, мемлекеттік жастар саясатының қағидаттарын білу (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен); 4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы (соңғы 3 жылдағы растау құжаттарымен); 5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік; 6) қазақ және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілі болғаны жөн (меңгеру деңгейі туралы сертификат көрсетіледі); 7) ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы (соңғы 3 жылдағы). Соңғы 3 жылда Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) болғаны жөн. Конкурсқа қатыса алмайды: 1) жиырма бес жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған; 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының қызмет тізімі; 4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы; 5) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы: - Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе растау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі; - «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі; - өзара растау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын растау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі; 6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы № 075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды); 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.11) соңғы 3 жылдағы ғылым және жоғары білім сферасындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, ғылыми (гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру), білім беру және инвестициялық жобаларға қатысу туралы құжаттардың көшірмелері, тәрбиелік сипаттағы жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ олардың кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтер түрінде растайтын құжаттарды ұсынады. Қоғамның даму бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс: 1) Қоғамды дамытудың 5 жылға арналған негізгі бағыттары бойынша пайымы, миссиясы, Қоғамдағы бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерді сақтауға сәйкес Қоғамның құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары); 2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) көрсету және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу); 3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімнің ұсыныстары (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, мәселелер, шешімдердің сабақтастығы); 4) конкурсқа қатысушы ұсынатын Қоғамның даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер. Қоғамның даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетіне жеткізу қажет (643 каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.