КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Болашақ ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ишанов Ержалгас Жанболатович - 1990 жылы туған, Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, «Amanat» партиясы ұсынды;
- Сапарова Айдана Марсовна - 1992 жылы туған, Казталов аудандық отбасын қолдау орталығының директоры, өзін-өзі ұсынды;
- Шокпанов Семгали Утегенович - 1994 жылы туған, Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы