КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Ақпәтер ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Байшин Мирлан Бекбулатович - 1980 жылы туған, Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, өзін-өзі ұсынды;
- Суйншкалиев Тулеген Максимович - 1968 жылы туған, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынды;
- Толепова Гулжанар Ертаргиновна - 1990 жылы туған, Бірік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы