«Абай облысы Көкпекті ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    abay-kokpekti

    abay-kokpekti·

    «Абай облысы Көкпекті ауданының қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы ЕрежеКөкпекті ауданы әкімдігінің2022 жылғы «16» қыркүйектегі№299 қаулысымен бекітілді.



    Ұқсас материалдар

    Решение

    Tender Committee Decision

    Tender Committee Decision 17.06.2026 g For the announced vacant administrative state position of the chief specialist of the State Institution "Apparatus of the akim of the Kokpektinsky rural district of the Kokpektinsky district of the Abai region," category E-G-4, recommend the candidacy of Toishybaev Sungat Bolatkhanovich.

    abay-kokpektiЖарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Көкпекті ауылы, К. Бакин көшесі, 27, т. 8(72348) 2-11-49

    Төраға - Оразханов Ерасыл Ермекұлы, төраға орынбасары – Құшанова Мақпал Серікқызы, хатшы – Адыльханов Бейсенгалий Касенович, мүшелері: Мадиева Шынар Каримгалиевна, Мукушева Бахыткамал Сакеновна, Сапарова Назира Токтаровна, Чултукова Роза Байтлевна Аудандық аумақтық референдум комиссиясының жұмыс кестесі : Күнделікті: сағат 9.00-18.30 Түскі үзіліс: 13.00-14.30, демалыссыз

    abay-kokpektiЖарияланды:
    Ақпарат

    2024 жылы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    2024 жылы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат Сәулет, құрылыс 2024 жылы сәулет , құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келесі жұмыстар жүргізілді: 5 АМС (антенна-діңгек құрылыстар) құрылысы бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттаманы)әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды; Көкпекті, Үлкенбокен және Көкжайық ауылдарында мал қорымдарын салу бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды; Көкпекті ауылында Әуен және өнер мектебінің құрылысы бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды; Үлгүлімәлі, Мамай, Қарамойыл, Бигаш, Шәріптоғай және Үшқұмей ауылдарындағы медициналық пункттерге инженерлік-коммуникациялық желілер салу жұмыстары аяқталды; Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды; Көкпекті ауылындағы Саяхимов көшесін жарықтандыруды жаңғырту бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды; Көкпекті ауылындағы "Балерке" балабақшасына қосымша құрылыс салу бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды; Көкпекті ауылында жүзу бассейнінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды; Шұғылбай, Үлкенбокен, Тассай, Үлгүлімалшы және Бигаш елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ Көкпекті ауылының бас жоспарына түзету жүргізілді; Сумен жабдықтау және су бұру Көкпекті ауданының аумағында 01.01.2025 жылға жалпы халық санымен – 13 117 адам бар. Аудан халқының орталықтандырылған сумен (қауіпсіз ауыз сумен) қамтамасыз етілуі – 81,6% (10 699 адам), орталықтандырылмаған – 18,4% (2 418 адам) құрайды. Ауданың 7 ауылында Көкпекті, Теректі, Тассай, Үлкенбокен, Үлгұлымалшы, Преображенка,, Көкжайық орталықтандырылған сумен жабдықтау, 7 ауылында Үшқұмей, Мамай, Үкілікыз, Бигаш, Шұғылбай, Шәріптоғай орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бар. Көкпекті ауданы Жансары, Толағай, Егінбұлақ,Черноярка, Мелитополь, Қарағандыкөл, Ақсу, Сүлеймен, Ақтас, Ұзынбұлақ, Қайнар, Нұра, Ақой, Қарамойыл ауылдарында 14 блокты-модульді сумен жабдықтау станциялары бар. Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 21АЕМ-ді (75,0%) құрайды, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз етілген халық саны10 699 адам(81,6%) құрайды. Ауданда жалпы ұзындығы 180,75 км су құбыры желілері бар, олар "Көкпекті" ШЖҚ КМК пайдаланушы ұйымының теңгерімінде Көкпекті ауылындағы ұзындығы 12,0 км кәріз желілеріне "Көкпекті" ШЖҚ КМК коммуналдық кәсіпорнымен қызмет көрсетіледі. 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша келесі елді мекендер бойынша су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілді: Бигаш ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-486,9 млн. теңге (игерілген 428,0 млн. теңге немесе 87,9%; қалған 58,9 млн. теңге); Мамай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы - 367,8 млн. теңге (игерілген 254,6 млн. теңге немесе 69,2%; қалған 113,2 млн. теңге); Шәріптоғай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-410,0 млн. теңге (игерілген 287,3 млн. теңге немесе 70,1%; қалған 122,7 млн. теңге); Шұғылбай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-413,3 млн. теңге (игерілген 298,1 млн. теңге немесе 72,1%; қалған 115,2 млн. теңге); Қарамойыл ауылында су құбыры желілерінің құрылысы - 276,9 млн. теңге (208,4 млн.теңге игерілді немесе 75,2%; қалдық 68,5 млн. теңге). Алайда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстарының болмауына және өндірістік жұмыстар кестесінің артта қалуына байланысты жоғарыда аталған жобалар Шартта көзделген белгіленген мерзімде аяқталмады. 2024 жылдың наурыз айында Абай облысының тексеру комиссиясы осы 5 жоба бойынша Бигаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай және Қарамойыл ауылдарында су құбыры желілерін салу бойынша аудиторлық тексеру жүргізді (Анықтама: аудиторлық қорытындының қорытындысы бойынша "LifeStoryInvest" ЖШС мердігер ұйымына нұсқама бойынша бұзушылықты жою туралы хат жолданды (№ 11-08/334 от 16.04.2024 жыл) 2024 жылғы 25 сәуірден ағымдағы жылғы 5 маусымға дейін). 2024 жылғы 25 сәуірде "LifeStoryInvest" ЖШС бас мердігеріне 2024 жылғы 05 маусымға дейін-448 573,500 мың теңге сомасында Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының нұсқамасының орындалуын қамтамасыз ету бойынша хат (№107 25.04.2024 ж.) жіберілді (хатқа жауап алынбады). 2024 жылғы 06 мамырдан бастап нұсқаманы орындау жөнінде хат қайта жіберілді, алайда "LifeStoryInvest" ЖШС тарапынан іс-қимыл жасалмады. "Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, өт және АҚ бөлімі" ММ толық соманы өндіріп алу бойынша Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз қорытындысын қайта жолдады-448 573,500 мың теңге. Талап арыз қабылданды. Бүгінгі таңда өтініш Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралуда. Нысан 2025 жылға ауысады. Сондай-ақ, 2024 жылы "ШҚО Көкпекті ауданы Ақой ауылында су құбыры желілерінің құрылысы"нысаны бойынша жұмыстар басталды. "Kaz Construction Group" ЖШС бас мердігері жалпы сомасы-540 763 910.62 (бес жүз қырық миллион жеті жүз алпыс үш мың тоғыз жүз он теңге алпыс екі тиын) теңге. "ШЫҒЫС құрылыс жобасы" ЖШС авторлық қадағалау шарт сомасы - 2 352 436.80 (екі миллион үш жүз елу екі мың төрт жүз отыз алты теңге сексен тиын).Техникалық қадағалау "Ақтаустройэксперт" ЖШС шарт сомасы -11 647 192.03 (он бір миллион алты жүз қырық жеті мың жүз тоқсан екі теңге үш тиын). 2024 жылы бөлінген және игерілген сома - 101 000 000,0 (жүз бір миллион ) теңгені құрайды. Нысан 2025 жылға ауысады. Автомобиль жолдары Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 488,4 км құрайды, оның ішінде: - "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 120 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 5 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 40 дана. - Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 40 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 3 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 16 дана. - Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 282,4 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 5 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 46 дана. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар 282,4 шақырым жолдың 77,7 шақырымы жақсы жағдайда, 156,6 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 48,1 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендердің көшелерінде мынадай жөндеу жұмыстары аяқталды: Теректі ауылындағы Бөгенбай Батыр, М. Мақатаев, бірлік, Мәметек, Ш. Қалдаяқов көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу, ұзындығы 4,120 км, сомасы - 229 086, 718 мың теңге. Тассай ауылындағы М. Төлегенов, М. Әуезов, А. Булгак, Ш. Уәлиханов көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу, ұзындығы 2,217 км, сомасы - 123 259, 161 мың теңге. "Толағай ауылына кіреберіс 0-13 км" аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу. Жөнделетін учаскенің ұзындығы 13 км, шарт сомасы 597 183,5 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта барлық ұзындықтарда негізді орнату бойынша жұмыстар жүргізілді және 5,7 км ыстық асфальтбетон төселді. Ұзындығы 34 км, 54 768,0 мың теңге сомаға аудандық маңызы бар "Көкпекті-Бигаш" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу. Ұзындығы 282,4 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 40,0 млн.теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 2024-2025 жылдың қараша-желтоқсан айларына 40 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауылдық округтермен ауылдық елді мекендердің ішіндегі жолдарды қардан тазарту бойынша шарттар жасалды. Елді мекендер ішіндегі жолдарды тазарту және кеңейту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Абаттандыру Ауданның елді мекендерін одан әрі абаттандыру және тиісті санитарлық жағдайын ұстау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі "2024 жылға арналған аббатандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша екі айлық сенбілік туралы" қаулы қабылдады. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша нақты іс-шаралар әзірленді. Іс-шараларды өткізу барысында ауданның елді мекендерінде 278 км.көшелер, 26,8 га. саябақтар мен скверлер, тұрғын үйлердің аула аумақтары, оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері мен бюджеттік ұйымдардың аумағы тазартылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген 24 орын қанағаттанарлық жағдайға келтірілді, қоқыс шығарылды, 180,75 км. су құбыры желілеріне тексеру және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызылды және ескерткіштер мен оларға іргелес аумақтарды жөндеу және абаттандыру жүргізілді. Сондай-ақ, ауданының аумағында иесіз және қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілді. Екі айлықты өткізуге 2000-ға жуық адам қатысты. 2024 жылы Көкпекті ауданының елді мекендерін абаттандыру бағдарламасы аясында ауданның елді мекендерін әрі қарай абаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, аяқталды: Черноярка ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-5 400,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 5 290,0 мың теңге. Көкпекті ауылдық округінің көше жарығын жайластыру толағай, Шәріптоғай, Ажа ауылдарындағы 5 көше . Жоба сомасы-40 094,0 мың теңге, шарт бойынша сома-19 800,0 мың теңге. Үлкенбокен ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы - 12 078,0 мың теңге, шарт бойынша сома-11 836,5 мың теңге. Үкілікыз ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-5 400,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 5 290,0 мың теңге. Бигаш ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 514,0 мың теңге. Егінбұлақ ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 514,0 мың теңге. Тассай ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-1 500,0 мың теңге, шарт бойынша сома-1 500,0,0 мың теңге. Тассай ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-3 269,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 269,0 мың теңге. Үлгүлімәлі ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-5 086,0 мың теңге, шарт бойынша сома-4 984,0 мың теңге. Сүлеймен ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 443,0 мың теңге. Ажа ауылында воркаутты ұйымдастыру. Жоба сомасы-11 750,0 мың теңге, шарт бойынша сома-7 450,0 мың теңге. Көкпекті ауылында спорт алаңын (18 пәтерлік үй ауданы) жайластыру. Жоба сомасы-28 092,0 мың теңге, шарт бойынша сома-13 583,0 мың теңге. Көкжайық ауылындағы көшелерді жарықтандыру тіректерін орнату. Жоба сомасы-7 927,0 мың теңге. Тұрғын үймен қамтамассыз ету Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың жалпы саны 3556 адамды құрайды. Оның ішінде келесі санаттар бойынша: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 101 адам; Әлеуметтік осал топтары – 104 адам; Көпбалалы отбасылар – 48 адам; Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91 адам; Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған – 12 адам кезекте тұр. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамассыз ету мақсатында 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша жиырма бес 2 пәтерлік тұрғын үй салынды.

    abay-kokpektiЖарияланды:
    Ақпарат

    2024 жылғы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    2024 жылғы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы ақпарат Қыс 2024 жылы 14-15 ақпан аралығында толасыз жауған қалын қар және екпіні 15-20 м/с оңтүстік-шығыстан қатты бұрқасын жел тұрып ауа температурасы 30-35 градус аяздан ауданымыздағы Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары жабылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы «Байбура, Барыс» учаскесінде 100 ден астам жеңіл автокөліктер, 30 астам жүк тасығыш көліктер және кісі тасымалдайтын 1 автобус жолда қалды. Қар құрсауынанда қалған 350 адамды тік ұшақпен құтқарды, көршілес Қалбатау ауылына жеткізілді. 2024 жылғы 16 ақпанда Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №1 шешімімен «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды». 17 ақпанда Қалбатау ауылындағы жолаушылар Көкпекті ауданына жеткізіліп 250 адамды 3 уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. 18 ақпанда Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары ашылып жолаушылар аман есен өз үйлеріне жетті. Көктем 2024 жылы 05 ақпанда Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №130 қаулысымен «2024 жылдың көктем кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді». Осы жоспарға сай төмендегі іс-шаралар бойынша жұмыстар атқардық. Көкпекті ауданы бойынша жолдың ұзындығы 442,4 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Атап айтқанда. Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 40 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар. Облыстық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 16 су өткізгіш құбыр және 3 көпір бар. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 282,4 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 46 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар. Күз айларында қоқыстан және өсіп кеткен шөптерден тазарту жұмыстары толықтай жүргізілді. Ауданымызда 7 үлкен өзендеріміз бар Кокпекті, Шегелек, Кіндікті, Еспе, Жүзағаш, Үлкенбөкен, Талменка өзендері, көктемгі су тасқынындағы суларды бөгетсіз өткізеді. Көкпекті ауданы бойынша 3 гидротехникалық құрылғылар бар олар: Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны, «Үлкенбөкен» суқоймасы, «Талменка» тоғаны. 3-де транзиттік режимде. Абай облысы «Абай су қоймасы» теңгеріміне берілді. 2024 жылы облыстық бюджеттен көп факторлы тексеру жүргізуге 14 млн 500 мың теңге қаражат бөлінді. (Үлкенбөкен су қоймасыны – 7 млн 500 мың, Талменка тоғанынына – 4 млн 200 мың, Көкпекті су жинағыш тоғанына – 2 млн 8 мың теңге). 2024 жылы қыркүйек айында Көкпекті ауданындғы 3 гидротехникалық құрылғыларға көп факторлы тексеру жүргізілді. Қортындысы бойынша техникалық жағдайы үшеуінікіде қанағаттанарлықсыз жағдайда. № п/п Гидротехникалық құрылымдардың атауы Су көзі Пайдалануға берілген жылы Көлемі, Мақсаты Өткізу қабілеті /с 1 Көкпект іауылының су жинағыш тоғанының бөгеті Еріген қар суы 1950 ж. 86 Үй шарушылығын суландыру 2,1 2 Үлкен Бөкен ауылының оңтүстік-батысынан 2,0 км. "Үлкенбөкен" су қоймабөгеті Үлкенбөкен өзені 1960 ж. 886 Балық аулау және рекреация 1,32 3 Преображенка ауылының солтүстігінен 2,0 км Талменка тоғанының бөгеті Талменка өзені 362 Балық аулау және рекреация 2 Ағымдағы жылы көктемгі су тасқынын алдын алу үшін біршама жұмыстар атқарылды. Көкжайык ауылындағы Алмабақ пен Қырман учаскесі 500 метр, Ажа ауылына көктем кезінде ауылға кіреберіс жеріне 350 метрге бөгет соғылды, Үкіліқыз ауылына баратын жол жиегі көтерілді жолды су шайып кетпес үшін, Үлкенбөкен ауылында Үлкенбөкен өзенінің жағалауына 300 метрге бөгет соғылды, Теректі ауылында Даулет каналының жағалауы көтерілді, ұзындығы 250 метр, Тассай ауылының кіреберіс жолындағы «Мәметек», «Кленжыра» учаскесіндегі жол жиектері қайта қалпына келтірілді. Осы жұмыстарды шаруа қожалықтарымен "Көкпекті" ШЖҚ КМК мекемесі жұмыс жасады. Сондай-ақ 2024 жылы облыстық бюджеттен 3 елді мекендерге бөгет соғуға 22 млн. теңге бөлінді. Тассай ауылдық округіне қарасты «Кленжыра учаскесіне» ұзындығы 6 шақырым бөгет соғуға 6 млн 064 мың теңгеге «Тендер Профи» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі женіп алып, қосалқы мердігер "Көкпекті" ШЖҚ КМК мекемесі қазан айында жұмыс жасады. Шуғылбай ауылдық округіндегі «Тентек» өзенінің жағалауын бекіту және өзен арнасын тазалау жұмыстарына 5 млн. 205 мың теңгеге «Спец.Тех.Строй Жетісу» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасады. Қ. Аухадиев ауылдық округтеріндегі «Тальменка» өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына 3 млн. 410 мың теңгеге жеке кәсіпкер «ТазаЖол» мердігірі ұтып алып жұмыстарды жасады. 2025 жылға Киндикті және Көкпекті өзендерінің арықтарын түзету, бөгет соғу жұмыстарына, облыстық бюджеттен 37 млн 530 мың теңге бөлінді. Жаз 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша, Көкпекті өзені бойында жабдықталған коммуналдық жағажайды құру жоспарланған болатын, алайда ағымдағы жылда аудандық бюджет қаражатының жоқтығына байланысты коммуналдық жағажайды құруды 2026 жылға шегеріп отырмыз. Коммуналдық жағажайды құру бойынша сметалық құжаттамаларды әзірлеу, 2025 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланып отыр. Күз 2024 жылы 04 шілдеде Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №261 қаулысымен «Аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу шаралары және дайындық жағдайы туралы қаулысы бекітілді». 2024 жылы өрт сөндіру автокөліктеріне қосалқы бөлшектер сатып алуға аудандық бюджеттен 4 млн 718 мың теңге қаражат бөлінді. Тассай ауылының өрт сөндіру автокөлігіне – 513 мың теңге; Биғаш ауылдық округіне 700 мың теңге; Үлгілімалшы ауылдық округіне 1 млн 505 мың теңге. К. Аухадиев ауылдық округіне 2 млн. теңге қаражат бөлінді. Автокөлік ЗИЛ-131, автокөлік 1977 жылы шыққан. Мемлекеттік нөмірі 841 AG18. 2024 жылдың 02 мамырында аудан әкімдігінің №215 қаулысымен Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылды. 2024 жылдың 31 шілдесінде аудан әкімдігінің №279 қаулысымен Үлкенбөкен ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылды. Автокөлік ГАЗ 66 АЦ-30-184А, автокөлік 1991 жылы шыққан. Бүгінгі күнге 4 ауылдық округте Тассай, Биғаш, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен ауылында өрт сөндіру автокөліктері қанағаттанарлық жағдайда. 2023 жылы 10 дана мотопомпа 952 мыңға сатып алынып ауылдық округтерге таратылды. 2023 жылы 1 млн 790 мың теңгеге 30 дана РЛО сатып алынып ауылдық округтерге таратылды. 2024 жылы 150 дана өрт сөндіргіш соқыштар 750 мың теңгеге сатып алынды. Ауылдық округ әкімдеріне таратылды. Тассай ауылдық округінде 3 рет жану фактілері орын алды. Еспе, Тұздыкөл, Шығанши. Сондай-ақ Үлгілімалшы ауылдық округінде 2 рет жану фактілері орын алды. Табандықара, Сарыбел учаскелері.

    abay-kokpektiЖарияланды:
    Положение

    Ереже

    «Абай облысы Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 300 қаулысымен бекітілді

    abay-kokpektiЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.