2024 жылғы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
- Қыс 2024 жылы 14-15 ақпан аралығында толасыз жауған қалын қар және екпіні 15-20 м/с оңтүстік-шығыстан қатты бұрқасын жел тұрып ауа температурасы 30-35 градус аяздан ауданымыздағы Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары жабылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы «Байбура, Барыс» учаскесінде 100 ден астам жеңіл автокөліктер, 30 астам жүк тасығыш көліктер және кісі тасымалдайтын 1 автобус жолда қалды. Қар құрсауынанда қалған 350 адамды тік ұшақпен құтқарды, көршілес Қалбатау ауылына жеткізілді. 2024 жылғы 16 ақпанда Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №1 шешімімен «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды». 17 ақпанда Қалбатау ауылындағы жолаушылар Көкпекті ауданына жеткізіліп 250 адамды 3 уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. 18 ақпанда Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары ашылып жолаушылар аман есен өз үйлеріне жетті.
- Көктем 2024 жылы 05 ақпанда Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №130 қаулысымен «2024 жылдың көктем кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді». Осы жоспарға сай төмендегі іс-шаралар бойынша жұмыстар атқардық.
Көкпекті ауданы бойынша жолдың ұзындығы 442,4 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Атап айтқанда.
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 40 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар.
- Облыстық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 16 су өткізгіш құбыр және 3 көпір бар.
- Жергілікті маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 282,4 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 46 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар. Күз айларында қоқыстан және өсіп кеткен шөптерден тазарту жұмыстары толықтай жүргізілді.
Ауданымызда 7 үлкен өзендеріміз бар Кокпекті, Шегелек, Кіндікті, Еспе, Жүзағаш, Үлкенбөкен, Талменка өзендері, көктемгі су тасқынындағы суларды бөгетсіз өткізеді.
Көкпекті ауданы бойынша 3 гидротехникалық құрылғылар бар олар: Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны, «Үлкенбөкен» суқоймасы, «Талменка» тоғаны. 3-де транзиттік режимде. Абай облысы «Абай су қоймасы» теңгеріміне берілді.
2024 жылы облыстық бюджеттен көп факторлы тексеру жүргізуге 14 млн 500 мың теңге қаражат бөлінді. (Үлкенбөкен су қоймасыны – 7 млн 500 мың, Талменка тоғанынына – 4 млн 200 мың, Көкпекті су жинағыш тоғанына – 2 млн 8 мың теңге).
2024 жылы қыркүйек айында Көкпекті ауданындғы 3 гидротехникалық құрылғыларға көп факторлы тексеру жүргізілді. Қортындысы бойынша техникалық жағдайы үшеуінікіде қанағаттанарлықсыз жағдайда.
№ п/п |
Гидротехникалық құрылымдардың атауы |
Су көзі |
Пайдалануға берілген жылы |
Көлемі, |
Мақсаты |
Өткізу қабілеті /с |
1 |
Көкпект іауылының су жинағыш тоғанының бөгеті |
Еріген қар суы |
1950 ж. |
86 |
Үй шарушылығын суландыру |
2,1 |
2 |
Үлкен Бөкен ауылының оңтүстік-батысынан 2,0 км. "Үлкенбөкен" су қоймабөгеті |
Үлкенбөкен өзені |
1960 ж. |
886 |
Балық аулау және рекреация |
1,32 |
3 |
Преображенка ауылының солтүстігінен 2,0 км Талменка тоғанының бөгеті |
Талменка өзені |
362 |
Балық аулау және рекреация |
2 |
Ағымдағы жылы көктемгі су тасқынын алдын алу үшін біршама жұмыстар атқарылды. Көкжайык ауылындағы Алмабақ пен Қырман учаскесі 500 метр, Ажа ауылына көктем кезінде ауылға кіреберіс жеріне 350 метрге бөгет соғылды, Үкіліқыз ауылына баратын жол жиегі көтерілді жолды су шайып кетпес үшін, Үлкенбөкен ауылында Үлкенбөкен өзенінің жағалауына 300 метрге бөгет соғылды, Теректі ауылында Даулет каналының жағалауы көтерілді, ұзындығы 250 метр, Тассай ауылының кіреберіс жолындағы «Мәметек», «Кленжыра» учаскесіндегі жол жиектері қайта қалпына келтірілді. Осы жұмыстарды шаруа қожалықтарымен "Көкпекті" ШЖҚ КМК мекемесі жұмыс жасады.
Сондай-ақ 2024 жылы облыстық бюджеттен 3 елді мекендерге бөгет соғуға 22 млн. теңге бөлінді.
Тассай ауылдық округіне қарасты «Кленжыра учаскесіне» ұзындығы 6 шақырым бөгет соғуға 6 млн 064 мың теңгеге «Тендер Профи» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі женіп алып, қосалқы мердігер "Көкпекті" ШЖҚ КМК мекемесі қазан айында жұмыс жасады.
Шуғылбай ауылдық округіндегі «Тентек» өзенінің жағалауын бекіту және өзен арнасын тазалау жұмыстарына 5 млн. 205 мың теңгеге «Спец.Тех.Строй Жетісу» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасады.
Қ. Аухадиев ауылдық округтеріндегі «Тальменка» өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына 3 млн. 410 мың теңгеге жеке кәсіпкер «ТазаЖол» мердігірі ұтып алып жұмыстарды жасады.
2025 жылға Киндикті және Көкпекті өзендерінің арықтарын түзету, бөгет соғу жұмыстарына, облыстық бюджеттен 37 млн 530 мың теңге бөлінді.
- Жаз 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша, Көкпекті өзені бойында жабдықталған коммуналдық жағажайды құру жоспарланған болатын, алайда ағымдағы жылда аудандық бюджет қаражатының жоқтығына байланысты коммуналдық жағажайды құруды 2026 жылға шегеріп отырмыз.
Коммуналдық жағажайды құру бойынша сметалық құжаттамаларды әзірлеу, 2025 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланып отыр.
- Күз 2024 жылы 04 шілдеде Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №261 қаулысымен «Аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу шаралары және дайындық жағдайы туралы қаулысы бекітілді».
2024 жылы өрт сөндіру автокөліктеріне қосалқы бөлшектер сатып алуға аудандық бюджеттен 4 млн 718 мың теңге қаражат бөлінді.
- Тассай ауылының өрт сөндіру автокөлігіне – 513 мың теңге;
- Биғаш ауылдық округіне 700 мың теңге;
- Үлгілімалшы ауылдық округіне 1 млн 505 мың теңге.
К. Аухадиев ауылдық округіне 2 млн. теңге қаражат бөлінді. Автокөлік ЗИЛ-131, автокөлік 1977 жылы шыққан. Мемлекеттік нөмірі 841 AG18. 2024 жылдың 02 мамырында аудан әкімдігінің №215 қаулысымен Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылды.
2024 жылдың 31 шілдесінде аудан әкімдігінің №279 қаулысымен Үлкенбөкен ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылды.
Автокөлік ГАЗ 66 АЦ-30-184А, автокөлік 1991 жылы шыққан.
Бүгінгі күнге 4 ауылдық округте Тассай, Биғаш, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен ауылында өрт сөндіру автокөліктері қанағаттанарлық жағдайда.
2023 жылы 10 дана мотопомпа 952 мыңға сатып алынып ауылдық округтерге таратылды.
2023 жылы 1 млн 790 мың теңгеге 30 дана РЛО сатып алынып ауылдық округтерге таратылды.
2024 жылы 150 дана өрт сөндіргіш соқыштар 750 мың теңгеге сатып алынды. Ауылдық округ әкімдеріне таратылды.
Тассай ауылдық округінде 3 рет жану фактілері орын алды. Еспе, Тұздыкөл, Шығанши. Сондай-ақ Үлгілімалшы ауылдық округінде 2 рет жану фактілері орын алды. Табандықара, Сарыбел учаскелері.