Сот банкроттығы рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі Сулейменов Аскар 11.03.2026
kgd-zko
Ұқсас материалдар
Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2025 жылға салық төлеу мерзімі
Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2025 жылға салық төлеу мерзімі Меншігінде жеке үйлері , пәтерлері , саяжай құрылыстары , гараждары және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері бар азаматтар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылады . Есептеу жүргізілгеннен кейін салық төлеушілерге Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы берешекті өтеу туралы пуш- хабарлама және коммуналдық қызметтердің түбіртектері бойынша хабарлама , сондай - ақ салық төлеушінің кабинеті арқылы салық берешегі туралы хабарлама жіберілетін болады . Уақтылы төленбеген жағдайда және пайда болған берешекті ерікті түрде өтеуге 30 күндік мерзім аяқталуына байланысты борышкерлер бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау , оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу , елден тыс жерлерге шығуды шектеу үшін сот орындаушыларына жіберілетін болады . Бір мезгілде сот орындаушылары борыш сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындарын қосымша ұстап қалады . Сонымен қатар , Салық кодексіне сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап берешекті төлеу күніне дейін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелетінін атап өткен жөн . Берешек сомасын сайттағы " алдағы төлемдер " сервисінен тексеруге болады "kgd.gov.kz", " E - Salyq Azamat " мобильді қосымшасы , сондай – ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында , 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығында . 2026 жылы жеке тұлғалардың салықтары бойынша өзгерістер Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты есептеу кезінде мынадай жаңалықтар көзделген , сондықтан Салық кодексінің 565 - бабының 8 - тармағына сәйкес көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты жеңіл автомобильдер бойынша салықты есептеу кезінде өндіріс жылына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады : 10 жылдан 20 жылға дейін қоса алғанда - 0,7 ; 20 жылдан астам пайдалану - 0,5 . Яғни , мұндай көлік құралдары бойынша 2026 жылғы салық 30 және 50 % - ға аз есептеледі .