ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАР КЕЗДЕ ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС

    Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

    ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАР КЕЗДЕ ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС

    Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, облыс аумағында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

    Нәтижесінде, Түркістан облысы, Түркістан қаласы аумағында үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың ақшасын тартуға бағытталған жарнама шығарған 2 компания анықталды.

    Олар қолданыстағы заң талаптарын бұзып, құрылысы аяқталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлерді сату мақсатында әлуметтік желілерде жарнамалар шығарумен айналысқан.

    Осыған орай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының
    2-2 бөлігімен «SK TRANSSTROY» және «KERUEN CITY» ЖШС-ларына 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

    Бүгінде, жарнамаларға тыйым салу жұмыстары жүргізілуде.

    Жалпы азаматтарды жарнамаларға сенбеуге шақырамыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.