Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
"Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Мақсаттары:
1) Түркістан облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру;2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақталуы бойынша мемлкеттік бақылауды жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және еңбек саласындағы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Құжаттар
ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАР КЕЗДЕ ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС
ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАР КЕЗДЕ ЗАҢДЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНУІ ТИІС Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, облыс аумағында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Нәтижесінде, Түркістан облысы, Түркістан қаласы аумағында үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың ақшасын тартуға бағытталған жарнама шығарған 2 компания анықталды. Олар қолданыстағы заң талаптарын бұзып, құрылысы аяқталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлерді сату мақсатында әлуметтік желілерде жарнамалар шығарумен айналысқан. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 2-2 бөлігімен «SK TRANSSTROY» және «KERUEN CITY» ЖШС-ларына 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінде, жарнамаларға тыйым салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы азаматтарды жарнамаларға сенбеуге шақырамыз.