«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Константиновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 8-36-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-16 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 94 991,1 мың теңге:
салықтық түсімдер – 22 441,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 513,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 72 037,1 мың теңге;
2) шығындар – 95 305,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 314,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 314,2 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 314,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 314,2 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 31 305,9 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026-2028 жылдарға арналған Константиновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2026 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 18 243,2 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026-2028 жылдарға арналған Константиновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы |
Г.Әбілқайырова |