«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы
Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 8-36-9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-9 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Володар ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 540 664,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 279 759,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –17 352,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 243 553,8 мың теңге;
2) шығындар – 549 320,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 655,3 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 8 655,3 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 655,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 8 655,3 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2026 жылға арналған облыстық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 240 343,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген облыстық бюджеттен 2026-2028 жылдарға арналған Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
келесі мазмұндағы 4-2-тармағымен толықтырылсын:
«4-2. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін нысаналы трансферттер 3 210,8 мың теңге сомасында ескерілсін.
Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026-2028 жылдарға арналған Володар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;
көрсетілгін шешімнің 1,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы |
Г.Әбілқайырова |