Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін салу кезінде байланыс операторлары шеккен күрделі шығындардың бір бөлігін өтеуге үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарына кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған № 96490-KZ Қарыз туралы келісімді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды (соңғы миль) дамытуға бағытталған үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторларының күрделі шығындарының 50%-на дейін субсидиялау (үлестік гранттар) көзделген.
Бұл № KZDARE/MG-06 (37-43 лоттар) ашық конкурсы аумақтық принцип бойынша 36 лотқа біріктірілген 38 АЕМ-ді қамтиды (қоса берілген).
Лоттар:
- Лот-37. – Бәйтерек ауданының ауылдық елді мекендерінде (АЕМ) соңғы мильді салу (Батыс Қазақстан облысы);
- Лот-38. – Бәйтерек ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Батыс Қазақстан облысы);
- Лот-39. – Қарақия және Маңғыстау аудандарының АЕМ-де соңғы мильді салу (Маңғыстау облысы);
- Лот-40. – Темір ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Ақтөбе облысы);
- Лот-41. – Алға ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Ақтөбе облысы);
- Лот-42. – Махамбет ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Атырау облысы);
- Лот-43. – Индер ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Атырау облысы).;
Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең: Алдын ала іріктеу, Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау;
- Екінші кезең: Конкурстық ұсыныстар: лоттар бойынша банктік кепілдікпен қоса өтінімдер беру.
Ашық конкурсқа халыққа Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәжірибесі расталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген телекоммуникация желілерін жобалау мен салуға қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шағын және орта байланыс операторлары (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар) қатыса алады. Консорциумдар құрамында қатысуға болады.
Консорциум қатысушылары «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» Жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын шартты берген жағдайда Тапсырыс берушінің алдында міндеттемелерді толық және тиісті түрде орындау үшін шарттың қолданылу кезеңі бойы ортақ жауапкершілік көтереді. Консорциум қатысушылары арасында функцияларды, міндеттемелерді және жұмыс көлемін бөлу консорциумның кез келген қатысушысын Тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен шектемейді және босатпайды. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды консорциумның барлық қатысушыларына бірлесіп те, олардың кез келгеніне жеке қоюға құқылы.
Ашық конкурс қатысушылары бірнеше лотқа өтінім бере алады.
Таратылу, банкроттық, қызметін тоқтата тұру үдерісіндегі, салық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдардың қатысуына жол берілмейді.
Ашық конкурсқа 1-кезеңде қатысу үшін байланыс операторы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
- заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, «А» нысанындағы (қоса тіркеледі) Ашық конкурсқа қатысуға өтінім;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
- мемлекеттік кірістер органдарынан бюджетке салықтар мен өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығын растайтын анықтама;
- байланыс саласындағы уәкілетті органға байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы жіберілген хабарламаның көшірмесі;
- өтінім берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын мәліметтер, оның ішінде:
соңғы екі аяқталған қаржы жылына бухгалтерлік есептілік;
меншікті қаражаттың немесе расталған кредит лимитінің бар екендігі туралы анықтама;
белгіленген нормативтерге сүйене отырып, қаржылық тұрақтылық коэффициентін есептеу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс;
- шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін, субъект түрін (шағын немесе орта кәсіпорын), БСН/ЖСН және мемлекеттік тіркеу күнін көрсете отырып растайтын Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінен үзінді көшірме.
Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат куәландырған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қарастырусыз қайтарылады.
Ашық конкурсқа қатысушыларға 1-кезеңде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- телекоммуникациялық инфрақұрылымды салу және пайдалану саласындағы жобаларды орындау тәжірибесінің болуы. Ашық конкурсқа қатысушы соңғы бес жыл ішінде сәтті орындалған, құны тиісті лоттың есептік құнына қарай кемінде 100 мың АҚШ доллары немесе одан аз құрайтын кемінде бір жобаны ұсынады;
- біліктілігі жоғары персоналдың, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандардың, жобалаушылардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензиялар мен сертификаттарға ие қызметкерлердің (меншікті не қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы;
- мамандандырылған техниканы, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның (меншікті не қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы;
- Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттарын (ӘЭҚ) және әлеуметтік-экологиялық стандарттарын (ӘЭС) білу;
- ұсыныс беру күнінің алдындағы күнтізбелік жыл кезеңінде қызмет көрсетілетін кемінде 350 абонентінің болуы;
- Ашық конкурсқа қатысушы шарттар бойынша кез келген аванстық төлемдерге тәуелсіз, қаралып отырған шарт (шарттар) бойынша құрылысқа ақша қаражатының қозғалысына қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде, қатысушының өзге қаржылық міндеттемелерін есепке алмағанда, 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде бағаланған өтімді активтердің, ауыртпалықсыз жылжымайтын мүліктің, кредит желілерінің не өзге де қаржы ресурстарының бар екенін немесе оларға қол жеткізе алатынын растайды.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық жұмыстарды (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс;
- Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес туралы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілеріне жатқызылуы, бұл ШОК субъектілерін жұмыскерлер саны, жылдық айналым және активтер құны бойынша жіктеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттармен расталуы тиіс.
Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға Ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсынысты дайындауға арналған конкурстық құжаттама пакеті жіберіледі.
2-кезеңде конкурстық ұсыныстарды бағалау техникалық балл мен қаржылық балл үшін аралас бағалау арқылы балдық жүйе негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте техникалық балдың салмағы – 45%, қаржылық балдың салмағы – 55% құрайды.
Ең жоғары аралас балл жинаған қатысушылар Ашық конкурстың жеңімпаздары деп танылады.
1-кезеңге өтінімдер қабылдау 2026 жылғы «12» маусымда сағат 08:00-де басталады және 2026 жылғы «25» маусымда сағат 17:30-да Астана қаласы уақыты бойынша аяқталады.
Түскен өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі.
Бірінші кезеңде өтінімдерді жария ашу оларды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ашу өткізілетін орын мен уақыт конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады.
Әрбір лот бойынша өтінім берген компаниялардың тізімі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің сайтында жарияланады.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер үш данада (түпнұсқа және 2 көшірме), сондай-ақ электрондық тасымалдағышта (флеш-карта, құжаттар түпнұсқасының сканерленген нұсқасының PDF форматы) мына мекенжай бойынша: Астана қ., EXPO павильоны, С 2.1, 2.16 кабинет, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қолма-қол тапсырылады.
Жоба қатысушыларына мынадай сілтеме бойынша Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамамен танысуы ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru, оның ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары (ӘЭҚ) мен әлеуметтік-экологиялық стандарттары (ӘЭС) жөніндегі құжаттарымен танысу ұсынылады.
Дүниежүзілік Банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттар мен стандарттар жөніндегі құжаттарымен мынадай сілтемелер бойынша танысуға болады:
- https://www.vsemirnyjbank.org/ru/projects-operations/environmental-and-social-framework;
- https://www.worldbank.org/en/projects-operations/environmental-and-social-framework/brief/esf-training.
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Анықтама алуға арналған байланыс ақпараты*:
Жобаны басқару тобы
Электрондық пошта: [email protected]
Тел. +7 747 676 6262 (құжаттарды тапсыру бойынша)
*Электрондық поштаға жіберілетін сұрақтар конкурсқа қатысушының ресми бланкісінде рәсімделуі немесе ұйымның мөрін (бар болса) қамтуы және конкурсқа қатысушының басшысы не өзге уәкілетті тұлға қол қоюы тиіс. Екі жағдайда да сұрау салу конкурсқа қатысушының іс жүргізу жүйесінде шығыс тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып міндетті түрде тіркелуі тиіс.
Консорциум/бірлескен кәсіпорын сұрау салу жіберген жағдайда мұндай сұрақтар консорциумның/бірлескен кәсіпорынның жетекші қатысушысы (көшбасшысы) атынан жіберілуі тиіс.