Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Министрлік туралы

    Министрлік аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    «ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    Ашу

    Қазақстан IT саласы үшін салықтық жеңілдіктерді 2045 жылға дейін сақтап қалуды жоспарлап отыр

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    Ашу

    Премьер-Министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің астаналық оқушылармен кездесуі

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    Ашу

    Қазақстан Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы комитетінде бақылаушы мәртебесін алды

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    Ашу

    Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    Ашу

    Жасанды интеллектпен жұмыс істеудің жаңа мәдениеті қалыптасуда

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    ОтырысАяқталды

    Байланыс қызметкерлері күніне орай өтетін мерекелік іс-шараның баспасөз аңдатпасы

    Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Байланыс қызметкерлері күніне орай 2026 жылғы 15 мамырда өтетін мерекелік іс-шараға қатысуға шақырады. Мереке аясында сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылып, өз ісінің үздіктерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі жоспарланған. Кеш бағдарламасы арнайы мерекелік концертпен жалғасады. Спикерлер: Мұсалиев Досжан Уалдинұлы - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі - Досжан Мұсалиев Сейсембеков Дамир Ерланұлы - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Күні: 2026 жылғы 15 мамыр Басталу уақыты: 09:00 Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 3, «Салтанат Сарайы» Аккредитация үшін: +7 777 721 7297 Арай Серікбаева

    ОтырысАяқталды

    Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабеков 4 желтоқсан сағат 10.00-де Достық үйі ғимаратында (мекен-жайы: Ақтау қаласы, 34-ші шағын ауданы, 9) Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 11:00-де Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Жеке қабылдауға жазылу және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7292) 46-21-91 (жұмыс уақытында) телефон нөмірі арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.

    ОтырысАяқталды

    Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Мун Дмитрий Андреевич 27 желтоқсанда сағат 11.00-да Ақпараттық технологиялар колледжі ғимаратында Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 12.15-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көш., 93). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7-7182-32-20-04 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

    ОтырысАяқталды

    Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы 26 желтоқсанда сағат 14.45-те Достық Үйі ғимаратында Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 15.55–те министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 24). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7242401191 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5916 сілтеме бойынша аталған сауалнама қол жетімді. Сіздің қатысуларыңызды сұраймыз.

    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанда аэроғарыш өнеркәсібін дамыту туралы» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. Интернет-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/4860 . Осы интернет-конференцияда қатысуларыңызды сұраймыз.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Пошта операторының өндірістік нысанының қызмет көрсету сапасына шағым болған жағдайда не істеу керек

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі No 65 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі (мерзімі) осы Қағидалардың 153-157-тармақтарында айқындалады. - Көрсетілетін қызметтер, тіркелетін почта жіберілімдерін іздеу және олардың орналасқан жері туралы өтініштер мен сұрау салулар; - Халықаралық тіркелген жіберілімдерді және почта аударымдарын іздеу туралы өтініштер мен сұрау салулар; - Мекенжайды өзгерту, почта жіберілімін немесе почта аударымын қайта жөнелту немесе қайтару туралы өтініштер; - Ішкі тіркелген почта жіберілімдері мен почта аударымдарын жіберу қызметінің сапасына қатысты шағымдар мен талаптар; - Тіркелмеген ішкі почта жіберілімінің уақытында жеткізілмеуіне (тапсыруына) қатысты шағымдар; - Почта операторларының өндірістік нысандарында қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар почта операторы тарапынан белгіленген тәртіпке сәйкес қарастырылады.

    Сұрақ

    Пошта жөнелтімі жоғалса/бүлінген болса не істеу керек?

    Жауап

    Тіркелген пошта жөнелтілімінің жоғалғаны, бүлінгені (бұзылғаны) немесе тапсырысты пошта жөнелтілімінің ішіндегі заттардың, жөнелтілімдердің немесе тауарлардың жетіспеуі үшін пошта операторы мынадай мөлшерде жауапты болады («Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3-тармағына сәйкес): 1) құны жарияланған пошта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе толық бүлiнуi (бұзылуы) үшiн - жарияланған құнының құны мен төленген пошта төлемi мөлшерiнде; 2) тапсырысты пошта жөнелтiмiнiң iшiндегi заттардың, заттардың немесе тауарлардың жетiспеушiлiгi, тапсырысты пошта жөнелтiмiнiң iшiнде 3)Тіркелген почта жіберілімінің ішіндегі заттардың, бұйымдардың немесе тауардың жетіспеушілігі, жоғалуы немесе зақымдануы (бұзылуы), тіркелген почта жіберіліміндегі заттар, бұйымдар немесе тауардың бір бөлігінің жоғалуы немесе зақымдануы (бұзылуы), егер олар заттардың, бұйымдардың немесе тауардың тізбесінсіз жіберілсе, – тіркелген почта жіберіліміне жарияланған құнының жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бұзылған) бөлігіне пропорционалды түрде есептелетін құн мөлшерінде, яғни тіркелген почта жіберілімі салмағының (почта жіберілімінің қабығының салмағын қоспағанда) жетіспеген, жоғалған немесе зақымданған (бұзылған) бөлігіне қатысты. 4) басқа тапсырысты пошта жөнелтiмiнiң жоғалуы немесе толық бүлiнуi (бұзылуы) үшiн - төленген тариф сомасының екi еселенген мөлшерiнде; орналасқан заттардың, заттардың немесе тауарлардың тiзiмiмен оларды жөнелту кезiнде құны жарияланған тауарлардың, заттардың немесе тауарлардың бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе бүлiнуi (бұзылуы) үшiн– жөнелтуші түгендеуде көрсеткен заттардың, заттардың немесе тауарлардың жетіспейтін, жоғалған немесе бүлінген (бүлінген) бөлігінің мәлімделген құны мөлшерінде тапсырысты пошта жөнелтілімінің мәлімделген құны құнының бір бөлігі мөлшерінде; 5) заттардың, заттардың немесе тауарлардың жетiспеушiлiгi немесе заттардың, заттардың немесе тауарлардың бiр бөлiгiнiң жоғалуы үшiн не заттардың, заттардың немесе басқа тапсырысты почта жөнелтiмiнiң тауарларының бiр бөлiгiн бүлдiру үшiн - төленген тариф мөлшерiнде;6) пошталық ақша аударымын жоғалтқаны үшін – пошталық ақша аударымы және төленген пошталық төлем ставкасы мөлшерінде.

    Сұрақ

    Поштаны жеткізу бұзылса не істеу керек?

    Жауап

    Пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімдерін бұзу мән-жайларын анықтау үшін пошта операторына хабарласу қажет. Пошта қызметтерін көрсету кезінде міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік «Почта туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

    Сұрақ

    Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын, бірақ өндірушілерге немесе уәкілетті сервистік орталықтарға жатпайтын кәсіпкерлер Қазақстанға әкелгеннен кейін мобильді құрылғыларды тіркеудің мынадай рәсімі қандай?

    Жауап

    Егер ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары белгіленген тәртіппен верификация рәсімінен өткен болса, онда оларды түпкілікті пайдаланушы үшін тіркеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу) үшін оның иеленушісі қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі арқылы не оған қызмет көрсететін ұялы байланыс операторының кеңсесіне жүгініп, мынадай: 1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін); 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды; 3) ұялы байланыстың тіркелетін абоненттік құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынады. Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын кәсіпкерлер верификация рәсімінен өтпеген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы "сұр тізімге" енгізіледі, бұл ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы ұялы байланыс операторының желісіне бастапқы қосылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге ұялы байланыс қызметтеріне уақытша қол жеткізуді ұсынады. "Сұр тізімге" енгізілгеннен кейін ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғының иесіне ұялы байланыс қызметтеріне уақытша қол жеткізуді ұсыну және оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растайтын мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

    Сұрақ

    Елді мекендерде байланыс желісін орнатудың қандай мерзімдері бар?

    Жауап

    Қолжетімді Интернет ұлттық жобасы бойынша жоспарларға сәйкес байланыс операторларынан байланысты дамыту бойынша одан әрі сұрау салу және ақпарат алу үшін сізге телекоммуникация комитетіне жүгіну қажет.

    Сұрақ

    Ұялы байланыс операторының базалық станциясы шығаратын электромагниттік сәулеленудің максималды рұқсат етілген деңгейі қандай? Және олар қандай қашықтықта болуы керек?

    Жауап

    Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады. Тұрғын үйлерден базалық станцияларға дейінгі қашықтық сәулелену қуатына және жабдық түріне байланысты ("байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңының 6-тарауының 29-бабының 1-тармағына сәйкес).

    Ақпарат

    Дербес деректерді қорғау бойынша ұсыныстар

    Дербес деректер – оның ішінде биометриялық, негізінде дербес деректер субъектісіне қатысты айқындалған немесе айқындалатын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген деректер. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңға сәйкес қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер қолжетімділігі шектеулі дербес деректер болып табылады. Сонымен, мұндай қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық, медицина қызметкерінің құпиясы және заңмен қорғалатын өзге де құпия, сондай-ақ дербес деректерді қамтитын құпиялылық белгісі бар кез келген мәліметтер жатады. Мысалы, дербес деректер субъектісінің Т.А.Ә., ЖСН пайдалану кез келген құпиядан бөлек пайдаланған кезде жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады. Бұл ретте, Т.А.Ә., ЖСН қаржы құпиясымен, медицина қызметкерінің құпиясымен және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен бірге пайдаланған кезде қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады.

    Ақпарат

    Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылатын Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасын («Соңғы миль») іске асыру барысы туралы

    Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылатын Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасын (« Соңғы миль») іске асыру барысы туралы

    Конкурсы

    Ашық конкурсқа қатысуға шақыру

    Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін салу кезінде байланыс операторлары шеккен күрделі шығындардың бір бөлігін өтеуге үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарына кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған № 96490-KZ Қарыз туралы келісімді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды (соңғы миль) дамытуға бағытталған үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторларының күрделі шығындарының 50%-на дейін субсидиялау (үлестік гранттар) көзделген. Бұл № KZDARE/MG-06 (37-43 лоттар) ашық конкурсы аумақтық принцип бойынша 36 лотқа біріктірілген 38 АЕМ-ді қамтиды (қоса берілген). Лоттар: Лот-37. – Бәйтерек ауданының ауылдық елді мекендерінде (АЕМ) соңғы мильді салу (Батыс Қазақстан облысы); Лот-38. – Бәйтерек ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Батыс Қазақстан облысы); Лот-39. – Қарақия және Маңғыстау аудандарының АЕМ-де соңғы мильді салу (Маңғыстау облысы); Лот-40. – Темір ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Ақтөбе облысы); Лот-41. – Алға ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Ақтөбе облысы); Лот-42. – Махамбет ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Атырау облысы); Лот-43. – Индер ауданының АЕМ-де соңғы мильді салу (Атырау облысы).; Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі: Бірінші кезең: Алдын ала іріктеу, Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау; Екінші кезең: Конкурстық ұсыныстар: лоттар бойынша банктік кепілдікпен қоса өтінімдер беру. Ашық конкурсқа халыққа Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәжірибесі расталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген телекоммуникация желілерін жобалау мен салуға қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шағын және орта байланыс операторлары (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар) қатыса алады. Консорциумдар құрамында қатысуға болады. Консорциум қатысушылары «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» Жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын шартты берген жағдайда Тапсырыс берушінің алдында міндеттемелерді толық және тиісті түрде орындау үшін шарттың қолданылу кезеңі бойы ортақ жауапкершілік көтереді. Консорциум қатысушылары арасында функцияларды, міндеттемелерді және жұмыс көлемін бөлу консорциумның кез келген қатысушысын Тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен шектемейді және босатпайды. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды консорциумның барлық қатысушыларына бірлесіп те, олардың кез келгеніне жеке қоюға құқылы. Ашық конкурс қатысушылары бірнеше лотқа өтінім бере алады. Таратылу, банкроттық, қызметін тоқтата тұру үдерісіндегі, салық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдардың қатысуына жол берілмейді. Ашық конкурсқа 1-кезеңде қатысу үшін байланыс операторы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті: заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, «А» нысанындағы (қоса тіркеледі) Ашық конкурсқа қатысуға өтінім; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі; мемлекеттік кірістер органдарынан бюджетке салықтар мен өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығын растайтын анықтама; байланыс саласындағы уәкілетті органға байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы жіберілген хабарламаның көшірмесі; өтінім берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын мәліметтер, оның ішінде: соңғы екі аяқталған қаржы жылына бухгалтерлік есептілік; меншікті қаражаттың немесе расталған кредит лимитінің бар екендігі туралы анықтама; белгіленген нормативтерге сүйене отырып, қаржылық тұрақтылық коэффициентін есептеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс; шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін, субъект түрін (шағын немесе орта кәсіпорын), БСН/ЖСН және мемлекеттік тіркеу күнін көрсете отырып растайтын Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінен үзінді көшірме. Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат куәландырған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қарастырусыз қайтарылады. Ашық конкурсқа қатысушыларға 1-кезеңде мынадай біліктілік талаптары қойылады: телекоммуникациялық инфрақұрылымды салу және пайдалану саласындағы жобаларды орындау тәжірибесінің болуы. Ашық конкурсқа қатысушы соңғы бес жыл ішінде сәтті орындалған, құны тиісті лоттың есептік құнына қарай кемінде 100 мың АҚШ доллары немесе одан аз құрайтын кемінде бір жобаны ұсынады; біліктілігі жоғары персоналдың, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандардың, жобалаушылардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензиялар мен сертификаттарға ие қызметкерлердің (меншікті не қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы; мамандандырылған техниканы, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның (меншікті не қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы; Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттарын (ӘЭҚ) және әлеуметтік-экологиялық стандарттарын (ӘЭС) білу; ұсыныс беру күнінің алдындағы күнтізбелік жыл кезеңінде қызмет көрсетілетін кемінде 350 абонентінің болуы; Ашық конкурсқа қатысушы шарттар бойынша кез келген аванстық төлемдерге тәуелсіз, қаралып отырған шарт (шарттар) бойынша құрылысқа ақша қаражатының қозғалысына қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде, қатысушының өзге қаржылық міндеттемелерін есепке алмағанда, 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде бағаланған өтімді активтердің, ауыртпалықсыз жылжымайтын мүліктің, кредит желілерінің не өзге де қаржы ресурстарының бар екенін немесе оларға қол жеткізе алатынын растайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық жұмыстарды (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті не қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, ол құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданылуы тиіс; Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес туралы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілеріне жатқызылуы, бұл ШОК субъектілерін жұмыскерлер саны, жылдық айналым және активтер құны бойынша жіктеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттармен расталуы тиіс. Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға Ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсынысты дайындауға арналған конкурстық құжаттама пакеті жіберіледі. 2-кезеңде конкурстық ұсыныстарды бағалау техникалық балл мен қаржылық балл үшін аралас бағалау арқылы балдық жүйе негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте техникалық балдың салмағы – 45%, қаржылық балдың салмағы – 55% құрайды. Ең жоғары аралас балл жинаған қатысушылар Ашық конкурстың жеңімпаздары деп танылады. 1-кезеңге өтінімдер қабылдау 2026 жылғы « 12 » маусымда сағат 08:00-де басталады және 2026 жылғы « 25 » маусымда сағат 17:30-да Астана қаласы уақыты бойынша аяқталады. Түскен өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі. Бірінші кезеңде өтінімдерді жария ашу оларды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ашу өткізілетін орын мен уақыт конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады. Әрбір лот бойынша өтінім берген компаниялардың тізімі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің сайтында жарияланады. Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер үш данада (түпнұсқа және 2 көшірме), сондай-ақ электрондық тасымалдағышта (флеш-карта, құжаттар түпнұсқасының сканерленген нұсқасының PDF форматы) мына мекенжай бойынша: Астана қ., EXPO павильоны, С 2.1, 2.16 кабинет, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қолма-қол тапсырылады. Жоба қатысушыларына мынадай сілтеме бойынша Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамамен танысуы ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru, оның ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары (ӘЭҚ) мен әлеуметтік-экологиялық стандарттары (ӘЭС) жөніндегі құжаттарымен танысу ұсынылады. Дүниежүзілік Банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттар мен стандарттар жөніндегі құжаттарымен мынадай сілтемелер бойынша танысуға болады: https://www.vsemirnyjbank.org/ru/projects-operations/environmental-and-social-framework; https://www.worldbank.org/en/projects-operations/environmental-and-social-framework/brief/esf-training. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды. Анықтама алуға арналған байланыс ақпараты*: Жобаны басқару тобы Электрондық пошта: [email protected] Тел. +7 747 676 6262 (құжаттарды тапсыру бойынша) *Электрондық поштаға жіберілетін сұрақтар конкурсқа қатысушының ресми бланкісінде рәсімделуі немесе ұйымның мөрін (бар болса) қамтуы және конкурсқа қатысушының басшысы не өзге уәкілетті тұлға қол қоюы тиіс. Екі жағдайда да сұрау салу конкурсқа қатысушының іс жүргізу жүйесінде шығыс тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып міндетті түрде тіркелуі тиіс. Консорциум/бірлескен кәсіпорын сұрау салу жіберген жағдайда мұндай сұрақтар консорциумның/бірлескен кәсіпорынның жетекші қатысушысы (көшбасшысы) атынан жіберілуі тиіс.

    Ақпарат

    Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

    Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.