«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» Халықаралық форумы

    Орны
    Hotel Ritz Carlton Almaty (г. Алматы)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» Халықаралық форумы
    ФорумАяқталды

    «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумының жұмысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, саяси көшбасшылар, жетекші CEO, ІТ саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, бизнесмендер қатысады. Форум алаңында ауқымды деректер мен жасанды интеллект негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдары талқыланады.

    Форумдағы маңызды іс-шаралардың бірі – Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Молдова Премьер-министрлерінің қатысуымен өтетін пленарлық сессия. Сарапшылар жасанды интеллект пен ауқымды деректер саласында коалиция құру және өзара іс-қимыл жолдарын, инфрақұрылым құру және технологияларды ілгерілету қажеттігін, сондай-ақ осы саладағы цифрлық теңсіздікті еңсеру мәселелерін талқылайды.

    Панельдік сессиялар барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF инновациялар жөніндегі аға кеңесші Кристофер Фабиан, IDC Президенті Кроуфорд Дель Прет, Amazon Web Services үкіметін трансформациялау жөніндегі директор Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін қалаушы Кваме Ямганенің және АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия және ТМД елдерінің технологиялық индустриясының 50-ден астам өкілдері цифрлық болашақ туралы өз көзқарастарымен бөліспек.

    Сонымен қатар, форум алаңында IT-шешімдер көрмесі өткізіледі, онда қазақстандық инновациялық стартап-жобалар өз өнімдерін цифрлық алыптармен тең дәрежеде таныстыра алады. Форум аясында алғаш рет Digital Almaty Awards сыйлығымен бес номинацияда үздік компаниялар мен жобаларды марапаттау рәсімі өтеді.

    Форум бағдарламасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібіне, ІТ-компанияларды дамытуға және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ болашақтың білімі және тұрақты дамуға қол жеткізу мәселелеріне (БҰҰ өкілдерінің қатысуымен) арналған төрт панельдік сессияны қамтиды.

    Форумның ұйымдастырушысы - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

    Толығырақ - digitalalmaty.org

    ҚР Цифрлық даму,
    инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
    Баспасөз қызметі
    [email protected]
    8 (7172) 74-92-73

    Инновации

    Ұқсас материалдар

    АнонсАяқталды

    Байланыс қызметкерлері күніне орай өтетін мерекелік іс-шараның баспасөз аңдатпасы

    Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Байланыс қызметкерлері күніне орай 2026 жылғы 15 мамырда өтетін мерекелік іс-шараға қатысуға шақырады. Мереке аясында сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылып, өз ісінің үздіктерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі жоспарланған. Кеш бағдарламасы арнайы мерекелік концертпен жалғасады. Спикерлер: Мұсалиев Досжан Уалдинұлы - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі - Досжан Мұсалиев Сейсембеков Дамир Ерланұлы - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Күні: 2026 жылғы 15 мамыр Басталу уақыты: 09:00 Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 3, «Салтанат Сарайы» Аккредитация үшін: +7 777 721 7297 Арай Серікбаева

    КездесуАяқталды

    Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабеков 4 желтоқсан сағат 10.00-де Достық үйі ғимаратында (мекен-жайы: Ақтау қаласы, 34-ші шағын ауданы, 9) Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 11:00-де Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Жеке қабылдауға жазылу және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7292) 46-21-91 (жұмыс уақытында) телефон нөмірі арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.

    КездесуАяқталды

    Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Мун Дмитрий Андреевич 27 желтоқсанда сағат 11.00-да Ақпараттық технологиялар колледжі ғимаратында Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 12.15-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көш., 93). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7-7182-32-20-04 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

    КездесуАяқталды

    Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы 26 желтоқсанда сағат 14.45-те Достық Үйі ғимаратында Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 15.55–те министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 24). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7242401191 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады. Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

    ДругоеАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5916 сілтеме бойынша аталған сауалнама қол жетімді. Сіздің қатысуларыңызды сұраймыз.

    КонференцияАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанда аэроғарыш өнеркәсібін дамыту туралы» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. Интернет-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/4860 . Осы интернет-конференцияда қатысуларыңызды сұраймыз.

    ДругоеАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстандағы цифрландыру» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5868 сілтеме бойынша аталған сауалнама қол жетімді. Осы интернет-конференцияда қатысуларыңызды сұраймыз.

    ДругоеАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанда телекоммуникация саласын дамыту туралы» тақырыбына сауалнаманы өткізу бастағанын хабарлайды. https://dialog.egov.kz/conference/4822 сілтеме бойынша аталған сауалнама қол жетімді. Осы интернет-конференцияда қатысуларыңызды сұраймыз.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.