5 шілдеде Достық үйінің алдында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлделері үшін домбырашылар жарысы өтеді.
Музыкалық байқау Қазақстанда домбыра күнін мерекелеу аясында өтеді.
Өңірдің 16 домбырашысы өз шеберлігін көрсетіп, сайысқа түседі, олардың ішінен ең үздігі олимпиадалық жүйе бойынша жұппен жарыс жолымен анықталады.
Сондай-ақ, 2 шілдеге дейін өткізілген «Қасиетті домбыра» онлайн-байқауының жеңімпазы жарияланады. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 27 домбырашы қатысты: Қостанай қ., Рудный қ., Жітіқара қ., Жангелдин, Қостанай, Сарыкөл, Науырзым ауданы. Ақтық мәреге 4 қатысушы шықты. Қазіргі уақытта үздік қатысушыны анықтау үшін халықтық дауыс беру жүргізіліп жатыр.
«Домбыра Party» жеңімпазы сыйлық ретінде домбыраны иеленеді, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Сұрақтар бойынша мына тел: 8-702-797-2006, Дарья Щербакова