Kostanay INVEST - 2024

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Kostanay INVEST - 2024
    ФорумАяқталды

    Қостанай облысында 24 және 25 шілдеде "Kostanay INVEST - 2024" инвестфорумы өтеді.
    Форум аясында панельдік сессиялар, пленарлық отырыс және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою өтеді.
    Бұл іс-шара өңірдің даму болашағын талқылау үшін бизнестің, инвесторлардың және мемлекеттік құрылымдардың жетекші өкілдерін жинайды.
    Аймақ экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды оқиғаны жіберіп алмаңыз!
    Анықтама үшін байланыс номері: 90-20-56

    Ұқсас материалдар

    КонкурсАяқталды

    «Домбыра Party»,

    5 шілдеде Достық үйінің алдында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлделері үшін домбырашылар жарысы өтеді. Музыкалық байқау Қазақстанда домбыра күнін мерекелеу аясында өтеді. Өңірдің 16 домбырашысы өз шеберлігін көрсетіп, сайысқа түседі, олардың ішінен ең үздігі олимпиадалық жүйе бойынша жұппен жарыс жолымен анықталады. Сондай-ақ, 2 шілдеге дейін өткізілген «Қасиетті домбыра» онлайн-байқауының жеңімпазы жарияланады. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 27 домбырашы қатысты: Қостанай қ., Рудный қ., Жітіқара қ., Жангелдин, Қостанай, Сарыкөл, Науырзым ауданы. Ақтық мәреге 4 қатысушы шықты. Қазіргі уақытта үздік қатысушыны анықтау үшін халықтық дауыс беру жүргізіліп жатыр. «Домбыра Party» жеңімпазы сыйлық ретінде домбыраны иеленеді, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Сұрақтар бойынша мына тел: 8-702-797-2006, Дарья Щербакова

    5 шілде 2024 ж.Тікелей
    площадь перед Домом дружбы (ул.Алтынсарина, 115)Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы
    ФорумАяқталды

    Медиафорум

    Қостанай облысында жыл сайын ҚР бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған облыстық медиафорум өткізіліп тұрады. Биыл, 28 маусым күні медиафорум аясында офлайн форматта секциялық отырыстар өтеді. Аталған шараға қатысу үшін Қостанай облысының БАҚ басшылары, баспасөз қызметінің қызметкерлері, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі мамандар, Бас редакторлар мен журналистер шақырылады. Байланыс телефоны 575-354

    ФестивальАяқталды

    "Есірткісіз болашақ"

    Қостанай қаласының орталығында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай "Есірткісіз болашақ" фестивалі өтеді. Іс-шараны «Мирас» мәдениет сарайы Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың (облыстық әкімдік, қоғамдық даму басқармасы, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармалары) қолдауымен ұйымдастырады. 26 маусымда сағат 18.00-де облыс орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған фестиваль өткізіледі, оған: концерттік бағдарлама, кәсіби әншілер мен әртістердің, балалар би топтарының, ПД ЖҚАЖ қызметкерлері, Қостанай облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдері кіреді. Қала тұрғындары мен қонақтары шығармашылық байқауларға, зияткерлік ойындарға қатыса алады, жанды музыка мен биді тамашалай алады. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар алады. Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіні, оның ішінде олардың синтетикалық түрлерін қолданудың қауіптілігі туралы хабардар ету болып табылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.