
Ағымдағы жылдың 9 шілде күні «Терроризммен күрес – міндетіміз» атты кездесу өткізілді. Бүгінгі таңда күнделікті өмірімізде терроризм сөзі үйреншікті терминге айналып бара жатқандай. Мерзімді баспасөз болсын басқа ақпарат көздері болсын терроризмге соқпай өтпейді. Шараның мақсаты жастарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Кездесу барысында терроризмге қарсы күрес деген ұғымды қазіргі кездегі салт – дәстүрлердің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу және дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру жөнінде айтылып өтті. Жастар толық мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті. |