
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының орталық саябағында аудан көлемінде «Еңбекпен келген-ырыс!» атты сабан той мерекесі ұйымдастырылды. Жұрт ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Ауылымыздың әлеуметтік –экономикалық ахуалын жақсарту жолындағы қол жеткен табыстарымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Нарықтық қоғамның қиындығына қарамай, ата-кәсібіміз- ауыл шаруашылығын қайта өрлете отырып, ауыл экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатқан жандар аз емес.
«Сабан той» -ұлттық салт дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың, еңбексүйгіш елдің еңбек мерекесі. 1996-1998 жылдары әр отбасына өз үлесіне тиесілі егістік жерлер беріліп, жаңадан шаруа қожалықтары құрылған еді. Осы уақыттан бастап жылдан жылға округ диқандары түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, мол өнім алуда. Ауыл экономикасының жоғарылауының дәлелі бүгінгі Шарын ауыл халқының тұрмыс- тіршілігі жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті. Іс- шара ерінбей еңбек етіп жатқан шаруа қожалықтың жұмыскерлері марапат қағаздары мен және сый-сыйапатпен марапатталып, арты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Артынан еңбек ардагерлеріне арналған дастархан жайылып құрмет көрсетілді.
«Келер күз табысты болсын. Ел аман, жұрт тыныш болып, татулық пен достық, елдегі саяси тұрақтылық ұзағынан болсын» деген ниетімізді білдіреміз.