жиналыс

    Орган
    uigur-sharyn
    Орны
    Зал заседаний акимата Шарынского сельского округа
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    жиналыс
    КездесуАяқталды
    2024 жылдың 12 желтоқсан күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының 
    мәжіліс залында мекеме басшылары және қоғамдық ұйым мүшелерінің
    қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста талқыланған басты мәселе
    мекемелердің апта ішіндегі атқарған жұмыстары ауыл тұрғындарының
    баспасөзге жазылуы туралы айтылды.
    Встреча с жителями

    Ұқсас материалдар

    Праздничный концертАяқталды

    Аттестат тапсыру

    Шарын ауылдық округіндегі Қонаев атындағы орта мектебінде 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры түлектерді маңызды белеспен құттықтап, оларға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тіледі.

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    Средняя школа им. Д. Кунаева Чарынского сельского округаuigur-sharyn
    Праздничный концертАяқталды

    Конституция күні қос қуаныш

    Конституция күні қос қуаныш! Бүгі Шарын ауылында қос мереке. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы - күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Осы игілікті іс Қазақстан Ркспубликасының Конституциясы күнімен қатар ұйымдастырылып, мерекенің мамұны мен маңызы арта түсті. Жаңарған мәдениет ошағы - ел игілігіне қызмет ететін маңызды нышан болса, Конституция күні-тұғырлы Тәуелсіздігіміздің тірегі.

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Дом культуры Шарынского сельского округаuigur-sharyn
    Дни культурыАяқталды

    Іс-шара

    Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының орталық саябағында аудан көлемінде «Еңбекпен келген-ырыс!» атты сабан той мерекесі ұйымдастырылды. Жұрт ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Ауылымыздың әлеуметтік –экономикалық ахуалын жақсарту жолындағы қол жеткен табыстарымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Нарықтық қоғамның қиындығына қарамай, ата-кәсібіміз- ауыл шаруашылығын қайта өрлете отырып, ауыл экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатқан жандар аз емес. «Сабан той» -ұлттық салт дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың, еңбексүйгіш елдің еңбек мерекесі. 1996-1998 жылдары әр отбасына өз үлесіне тиесілі егістік жерлер беріліп, жаңадан шаруа қожалықтары құрылған еді. Осы уақыттан бастап жылдан жылға округ диқандары түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, мол өнім алуда. Ауыл экономикасының жоғарылауының дәлелі бүгінгі Шарын ауыл халқының тұрмыс- тіршілігі жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті. Іс- шара ерінбей еңбек етіп жатқан шаруа қожалықтың жұмыскерлері марапат қағаздары мен және сый-сыйапатпен марапатталып, арты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Артынан еңбек ардагерлеріне арналған дастархан жайылып құрмет көрсетілді. «Келер күз табысты болсын. Ел аман, жұрт тыныш болып, татулық пен достық, елдегі саяси тұрақтылық ұзағынан болсын» деген ниетімізді білдіреміз.

    14 қараша 2024 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.