
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылы 1-30 қазан аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді [email protected], [email protected] электрондық мекенжайларға және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.