
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылы 1 және 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттерінің және орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.