«OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024»: ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕЛІК КЕШ!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024»: ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕЛІК КЕШ!
    НовостиАяқталды

    21 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін есте қаларлық оқиғаларға толы мерекелік кеш өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024» фестивалі жаңа жыл алдындағы көңіл-күй сыйлайтын ерекше ең әсерлі және жарқын шара болды.

    Фестиваль елімізде алғаш рет ұйымдастырылған технология мен өнердің таңғажайып үйлесімі - лазер шоумен басталды. Жарық пен әсемдікке толы бұл көрініс көрермендерді таң қалдырып, әрбір сәулесі жүректерге шабыт сыйлады.

    Келесі кезекте, көпшіліктің асыға күткен жаңа жылдық шыршаның жағылу рәсімі өтті. Тамаша кеш қызық пен таңданысқа толы от шоумен жалғасын тауып, сахналық өнер мен ерекше техниканың үйлесімі көрермендерді керемет әсерге бөледі.

    Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерімен өткен Coca-Cola жаңа жылдық керуені мерекелік сән-салтанатымен көпшілікті қуантты. Әсем безендірілген керуен қала көшелеріне ерекше жылулық пен мерекелік атмосфера сыйлады.

    Кештің басты бөлімі еліміздің жарық жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды. Танымал әншілердің өнері жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Айта кетейік, Шымкент қаласында алдағы уақытта да осындай мерекелік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

    Бұл кеш тек Шымкенттің ғана емес, барша жиналған қауымның жүрегін мейірім мен қуанышқа толтырды.

    Баршаңызға, мерекеге қатысып, оны жандандыра түскен әрбір жанға шексіз алғысымызды білдіреміз!

    Маркетинг

    Ұқсас материалдар

    Рабочая поездкаАяқталды

    Рухани тамырдан – креативті келешекке: Түркістан мен Шымкенттегі жұмыс сапары

    Түркістан мен Шымкент – қазақ руханиятының қос діңгегі, тарих пен тағдырдың талай ізін кеудесіне қаттаған қасиетті мекендер. Креативті индустрияларды дамыту қорының Өңірлік даму жөніндегі Басқарушы директоры Азамат Жағыпарұлымен бірге Түркістан өңірінің мәдени-туристік әлеуетімен танысып, ұлттық қолөнерді кәсіпке, ал кәсіпті елдік құндылыққа айналдырып отырған жергілікті шеберлермен кездесуде креативті индустрияларды жүйелі қолдау, өңірлік брендтерді ілгерілету және мәдени мұраны заманауи экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру мәселелері кеңінен талқыладық. Жұмыс сапары Шымкент қаласындағы «Shymkent Creative Hub» алаңында жалғасты. Еркін ой мен шығармашылық бастамалар тоғысқан кездесуде жергілікті креаторлар маркетингтік ілгерілету, инклюзивті шығармашылық орта қалыптастыру, қолөнер индустриясын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры құрылды. Қараша айынан бері Өңірлік даму бағыты бойынша қызмет атқарып келемін. Бүгінде креативті экономика – өңір дамуы мен ұлттық болмысты жаңа мазмұнмен ұштастыратын маңызды күш. Сондықтан жергілікті бастамаларды қолдап, креаторлармен етене жұмыс істеу – біздің басты бағытымыз.

    КонкурсАяқталды

    Шымкент қаласында креативті кәсіпкерлер арасында өтетін БАЙҚАУ

    ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІ! Сіздерді алғаш рет Шымкент қаласында креативті кәсіпкерлер арасында өтетін БАЙҚАУҒА қатысуға шақырамыз! 🚀 Өз кәсіби құндылықтарыңызды көрсетіп, ерекше идеяларыңызды ұсынатын және бақ сынайтын сәт келді! 🌟 ✅ Өтінім қабылдау мерзімі: 2 шілде – 12 шілде аралығы 🏆 Ең үздік идеялар жүлделі сыйлықтармен марапатталады! Байқау шарттары мен өтінім беру үшін сілтеме биода ([email protected]) немесе +7 707 205 9622 нөміріне хабарласыңыз.

    НовостиАяқталды

    AZAL әуе компаниясы Баку – Шымкент тікелей әуе рейсін іске қосады

    Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы AZAL маршруттық желісін кеңейту аясында маусым айында Бакуден Шымкентке тұрақты рейстерді орындай бастайды. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалаға алғашқы рейс 28 маусымда жүзеге асырылады. Баку–Шымкент–Баку бағыты бойынша әуе рейстері аптасына үш рет орындалады: — Бакуден Шымкентке – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері; — Кері бағытта – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.