
Португалия Аудиторлар сотының судьясы Мария Да Луш Кармезим Фария бастаған Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдарының мамандары «дәрежесі бойынша тең» форматында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы қызметін тексеру үшін Астанаға 5 күндік жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында әріптес елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының жұмыс әдіснамасымен, мемлекеттік аудиттің IT-шешімдерімен, аудит объектілерін іріктеу тәуекелдерін басқару жүйесімен, аудиторлық процесті ұйымдастырумен және әр жылдары жүргізілген аудит материалдарымен танысады. Шетелдік мамандар тақырыптық кездесулер мен кеңестерге де қатысады.