Жоғарғы аудиторлық палата төрағасының Португалия Аудиторлар сотына жұмыс сапары

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жоғарғы аудиторлық палата төрағасының Португалия Аудиторлар сотына жұмыс сапары
    Рабочая поездкаАяқталды

    Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған делегация Португалия Аудиторлар сотының шақыруымен Португалия Республикасына жұмыс сапарымен барады.

    Жұмыс сапары Литва, Португалия және Түркия аудиторлары жүргізіп жатқан Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметін «дәрежесі бойынша тең» қағидаты бойынша тексерудің алдын ала нәтижелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

    Сондай-ақ екі елдің аудиторлары тәжірибе алмасып, үздік аудит тәжірибелерін бірлесіп талдайды.

    Ұқсас материалдар

    Отчетная встречаАяқталды

    Астанада «дәрежесі бойынша тең» халықаралық тексеруінің қорытындысы талқыланады

    2026 жылғы 5 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасына қатысты Португалия, Литва және Түркияның жоғары аудит органдары жүргізген «дәрежесі бойынша тең» (Peer Review) халықаралық тексеруінің қорытындысы талқыланады. Іс-шараға тексеруге қатысқан жоғары аудит органдарының басшылары мен өкілдері қатысады. Кездесу барысында тексеру нәтижелері мен Қазақстанның мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі халықаралық сарапшылардың ұсынымдары таныстырылады.

    Рабочая поездкаАяқталды

    Әлихан Смайылов ШЫҰ жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуіне қатысады

    Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барады. Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі жоспарланған. Іс-шара аясында өткен кезеңдегі жоғарғы аудит органдары арасындағы ынтымақтастық нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы қатар жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралады. Сонымен қатар су ресурстарына аудит жүргізу тақырыбында сессия өтеді. Сондай-ақ жұмыс кестесіне сәйкес Әлихан Смайылов Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасымен және Пәкістанның бас аудиторымен екіжақты кездесулер өткізеді.

    14 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы және Оқу комитетінің 23-отырысы өтеді

    2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы және Оқу комитетінің 23-отырысы өтеді. Жиындар барысында жұмыс есебі, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері және ұйымның ағымдағы қызметінің өзекті бағыттары қаралады. Іс-шараларға Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан және Түркияның жоғары аудит органдарының өкілдері мен мамандары қатысады. ЭКОСАИ – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің жоғары аудит органдарын біріктіретін өңірлік ұйым. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы 2022 жылы ЭКОСАИ басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланды.

    ОтырысАяқталды

    ҚР Жоғары аудиторлық палатасын «дәрежесі бойынша тең тексеру»: Астанаға Литва, Португалия және Түркиядан аудиторлар келді

    Португалия Аудиторлар сотының судьясы Мария Да Луш Кармезим Фария бастаған Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдарының мамандары «дәрежесі бойынша тең» форматында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы қызметін тексеру үшін Астанаға 5 күндік жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында әріптес елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының жұмыс әдіснамасымен, мемлекеттік аудиттің IT-шешімдерімен, аудит объектілерін іріктеу тәуекелдерін басқару жүйесімен, аудиторлық процесті ұйымдастырумен және әр жылдары жүргізілген аудит материалдарымен танысады. Шетелдік мамандар тақырыптық кездесулер мен кеңестерге де қатысады.

    Рабочая поездкаАяқталды

    Жоғары аудиторлық палата төрағасының Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапары

    Екі елдің Президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барады. Негізгі іс-шаралар: Әзербайжан Есеп палатасының төрағасы Вюгар Гюльмамедовпен екіжақты кездесу; Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасы арасында екіжақты ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы жаңартылған меморандумға қол қою; Әзербайжан Есеп палатасының қызметкерлеріне инвестициялық жобаларды іске асыру аудиттерін жүргізудің әдіснамалық тәсілдері бойынша семинар, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметі бойынша презентация; елдің мемлекеттік мұнай қорының және DOST электрондық үкімет орталығының қызметімен танысу.

    КездесуАяқталды

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті басшылығының 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті басшылығының 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    19 қаңтар 2022 ж.Тікелей
    г. Нур-Султан, проспект Мәңгілік ел, дом №8, здание «Дом министерств», 10 подъезд, Б-119 - Мажилис зал.Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.