
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
Түркістан мен Шымкент – қазақ руханиятының қос діңгегі, тарих пен тағдырдың талай ізін кеудесіне қаттаған қасиетті мекендер. Креативті индустрияларды дамыту қорының Өңірлік даму жөніндегі Басқарушы директоры Азамат Жағыпарұлымен бірге Түркістан өңірінің мәдени-туристік әлеуетімен танысып, ұлттық қолөнерді кәсіпке, ал кәсіпті елдік құндылыққа айналдырып отырған жергілікті шеберлермен кездесуде креативті индустрияларды жүйелі қолдау, өңірлік брендтерді ілгерілету және мәдени мұраны заманауи экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру мәселелері кеңінен талқыладық. Жұмыс сапары Шымкент қаласындағы «Shymkent Creative Hub» алаңында жалғасты. Еркін ой мен шығармашылық бастамалар тоғысқан кездесуде жергілікті креаторлар маркетингтік ілгерілету, инклюзивті шығармашылық орта қалыптастыру, қолөнер индустриясын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры құрылды. Қараша айынан бері Өңірлік даму бағыты бойынша қызмет атқарып келемін. Бүгінде креативті экономика – өңір дамуы мен ұлттық болмысты жаңа мазмұнмен ұштастыратын маңызды күш. Сондықтан жергілікті бастамаларды қолдап, креаторлармен етене жұмыс істеу – біздің басты бағытымыз.
ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІ! Сіздерді алғаш рет Шымкент қаласында креативті кәсіпкерлер арасында өтетін БАЙҚАУҒА қатысуға шақырамыз! 🚀 Өз кәсіби құндылықтарыңызды көрсетіп, ерекше идеяларыңызды ұсынатын және бақ сынайтын сәт келді! 🌟 ✅ Өтінім қабылдау мерзімі: 2 шілде – 12 шілде аралығы 🏆 Ең үздік идеялар жүлделі сыйлықтармен марапатталады! Байқау шарттары мен өтінім беру үшін сілтеме биода ([email protected]) немесе +7 707 205 9622 нөміріне хабарласыңыз.
Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы AZAL маршруттық желісін кеңейту аясында маусым айында Бакуден Шымкентке тұрақты рейстерді орындай бастайды. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалаға алғашқы рейс 28 маусымда жүзеге асырылады. Баку–Шымкент–Баку бағыты бойынша әуе рейстері аптасына үш рет орындалады: — Бакуден Шымкентке – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері; — Кері бағытта – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері.