2025 жылғы 12 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы облыстық сенбілік өткізілді.
Сенбілікке 22 740 адам және 2018 кәсіпорын мен ұйым қатысты.
Жалпы 1 098 тонна қоқыс шығарылды. Тартылған техника саны – 321. 5 863 ағаш отырғызылды.
6 779 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулалары, 104 тарихи-мәдени ескерткіштер мен 316 әлеуметтік нысандар аумақтары жиналды. 26 өзеннің, көлдің және су айдындарының жағалау аумағы тазартылды.