Кеген ауданында «Саябақтар шеруі – 2025» экологиялық акциясы басталды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    НовостиАяқталды

    Кеген ауданының «Жастар» саябағында «Саябақтар шеруі – 2025» экологиялық акциясының ашылу салтанаты өтті. Аталған шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, аудан әкімдігі мен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесе өткізді.

    Акцияның басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Іс-шара барысында саябақ аумағына 50 қайың мен 35 Шренк шыршасының көшеттері отырғызылды. Бұл өңірдің флорасын қалпына келтіруге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға қосылған нақты үлес болды.

    Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, табиғатқа жанашырлық нақты әрекеттерден көрініс табуы тиіс.

    Шара барысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің директоры Бақыт Жүнісов, Кеген орман шаруашылығының басшысы Айболат Әскербекұлы және О. Жанабаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Ерасыл Баққожа өз ойларымен бөлісті. Олар мұндай бастамалардың жас ұрпақты табиғатты сүюге, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

    Мереке шағын концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылар арнайы белгіленген аумақтарға ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

    Айта кетейік, «Саябақтар шеруі» акциясы аясында ағаш отырғызу, өзен-көл жағалауларын тазарту, балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру бағытындағы шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

    Табиғаты бай, туризмге әлеуеті жоғары Кеген ауданы үшін осындай экологиялық акциялардың маңызы зор. Олар аймақтың табиғи мұрасын сақтап қана қоймай, тұрғындар мен қонақтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Табиғатты аялау – өңірдің туристік тартымдылығы мен экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

    Айта кету керек, «Саябақтар шеруі» алғаш рет 1990 жылы АҚШ-та бастау алып, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде өткізіледі. Қазақстанда бұл акция 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

    Озеленения и благоустройства

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Күндізгі уақытта суару және шлангтарды пайдалану тыйымы туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 Қаулысымен бекітілген Су пайдалану және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерінің 17-бабына сәйкес, сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, қызмет көрсетуші ұйым жасыл желектер мен жеке аумақтарды суаруға арналған рұқсат етілген уақытты — 22:00-ден 05:30-ға дейін белгіледі. Қатаң түрде тыйым салынады: саудалар, көкөніс алқаптарын, жеке аумақтарды және аула аймақтарын суару, сондай-ақ күні бойы ауыз сумен кілем жуу. Бұл әрекеттер су ресурстарын шектен тыс тұтынуға, су құбырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Егер осы ережелер бұзылса, тұтынылған су көлемі құбыр жүйесінің толық өткізу қабілеті бойынша есептеліп, көрсетілетін қызметтердің құны елеулі түрде артуына әкеледі.

    ДругоеАяқталды

    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік Іле өзені бойындағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетті Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда соңғы жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерві қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр. Осыған орай «AMANAT» партиясының қатысуымен, Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. 600-ге жуық адам жұмылдырылған тазалық шарасының нәтижесінде өзен жағасынан 30 тоннадан астам қоқыс жиналды. Жиналған қалдықты арнайы орынға жеткізу үшін екі КамАЗ техникасы тартылды. Қатысушылардың айтуынша, жиналған қалдықтардың басым бөлігі – пластик пен шыны бөтелкелер, тағам қалдықтары, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Бір күндік шарамен мәселе шешілмейтіні белгілі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы бұл түйткілді облыстық экологиялық кеңесте жүйелі түрде көтеруді жоспарлап отыр. Партия бастамасымен туристік аймақтарға арнайы статус беру, қоқыс алаңдарын орнату, бейнебақылау енгізу және құқықбұзушыларға әкімшілік жаза қолдану тетіктері ұсынылмақ. «Біз табиғат ластанғаннан кейін емес, ластанбай тұрып әрекет етуіміз керек. Қазір Іле бойындағы жағдай – ескерусіз қалған аумақтың нақты көрінісі. Өзен жағасы қоқысқа көміліп жатыр. Демалушылар артынан ештеңе жинамайды. Қазан-ошақ пен тағам қалдықтары өзенге ағып, қоршаған ортаға тікелей зиян келтіріп отыр. Егер жүйелі шешім қабылданбаса, жақын арада бұл жер қайтадан қалдық астында қалады. Мәселе – қоқыстың көлемінде емес, жүйесіздікте. Бұл аумақта инфрақұрылым атымен жоқ. Қоқыс жәшігі де, бақылау да, жауапты мекеме де қарастырылмаған», – деді партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев. Бұл іске волонтерлер де үнсіз қалмады. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Медет Бекбергеновтың айтуынша, өткен жылы осы аумақтан екі рет 10 тоннаға жуық қоқыс жинаған. Алайда олар да бұл мәселенің еріктілердің иығына артылатын салмақ емес екенін мойындайды. «Жалпы, табиғатқа жанашырлық – тек ниет емес, нақты жүйелі саясатқа айналуы тиіс. Бүгінгі экоакцияға облыс әкімінің өзі бастап, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғам белсенділері мен AMANAT партиясының мүшелері қатысуда. Волонтерлер бұл мәселемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Былтыр өз күшімізбен осы аумақтан 10 тоннадан астам қоқыс жинадық. Бірақ бізден кейін тағы да бәрі сол қалпына түсті. Бұл – бір реттік сенбілікпен шешілетін мәселе емес. Табиғатты қорғау – жүйелі бақылау мен нақты инфрақұрылымды қажет етеді. Біз қанша тазаласақ та, қоқыс тастауды тоқтатпайынша нәтиже болмайды», – деді Медет Бекбергенов. Айта кетейік, экологиялық шаралар Іле өзенімен шектелмейді. Облыстың 373 елді мекенінде 80 мыңнан астам адамның қатысуымен 38,9 мың түп ағаш отырғызылып, 120 ақпараттық түсіндіру және 150 санитарлық тазалау шарасы өткізілген.

    ДругоеАяқталды

    Жалпы облыстық сенбілік

    2025 жылғы 12 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы облыстық сенбілік өткізілді. Сенбілікке 22 740 адам және 2018 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Жалпы 1 098 тонна қоқыс шығарылды. Тартылған техника саны – 321 . 5 863 ағаш отырғызылды. 6 779 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулалары, 104 тарихи-мәдени ескерткіштер мен 316 әлеуметтік нысандар аумақтары жиналды. 26 өзеннің, көлдің және су айдындарының жағалау аумағы тазартылды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.