Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша түсіндірме жазба;
- Тірек жоспары, Бас жоспардың эскизі, сондай-ақ «Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша ЕҚТА орналасу схемасы;
-«Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының бас жоспары. Түзету» жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау бойынша есеп.
СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «Урбостиль» ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беругеуәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
- Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
- Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
- СЭБ жөніндегі есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
- Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолдану кезеңі: 2025-2050 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімді өткізу мерзімі: 2025жылғы12маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 12 маусымы.)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83
e-mail: [email protected], [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде жіберуге болады: [email protected]
Сіздің құжаттарыңызды Кеңседе алғаның міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
- Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі» - «Жаңа құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
- «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сайтында.